«Денсаулық – зор байлық». Дені саудың -жаны сау. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 9 сабақ.


1-нұсқа

Тақырып: 3-тарау «Денсаулық- зор байлық»

Сөйлеу әрекетінің түрлері: оқылым және жазылым

Оқу мақсаты:

7. О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Ойлау дағдыларының деңгейі: анализ, синтез

Бағалау критерийі:

Оқушы:

Мәтіннің тірек сөздерін анықтай алады, проблемалық сұрақтар қоя алады.

.

Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқып тірек сөздерді теріп жазыңдар, мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңдар.

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді. Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.

https://stud.kz/referat/show/26316

_____

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Оқушы

Балл

Мәтіннің тірек сөздерін анықтай алады

1

Тірек сөздерді анықтай алды

1

Проблемалық сұрақтар қоя алады

1

Проблемалық сұрақ құрастыра алды

1

Барлығы

2

2-нұсқа

Тақырып: 3-тарау «Денсаулық- зор байлық»

Сөйлеу әрекетінің түрлері: оқылым және жазылым

Оқу мақсаты:

7. О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Ойлау дағдыларының деңгейі: анализ, синтез

Бағалау критерийі:

Оқушы:

Мәтіннің тірек сөздерін анықтай алады, проблемалық сұрақтар қоя алады.

.

Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқып тірек сөздерді теріп жазыңдар, мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңдар.

 

Тіс қадірін ауырғанда білерсің ...

Адамның есеюі мен қартаюы шағы тіспен байланысты. Мәселен, адам баласының алғашқы сүт тістері 6-8 айлығында жарып шығып, 3 жасында толық жетіледі. Сондай-ақ 6-7 жаста тұрақты тістері пайда болса, 14-16 жасқа жеткенде тістері толық шығады. Алайда, адам баласында ең кеш шығатын тіс, ол ақыл тіс деп аталады. Негізінде ақыл тіс 16-25 жас аралығында шығып, адам ересек жанға айналады. Сөйтіп 32 тіс болады. Осы жерде анығын айта кетейік, ақыл тістің адамның ақылына ешқандайда қатысы жоқ. Ол тек тістің бүтіндігін, есеюін білдіреді. Қазіргі кездері 70-90 жасқа келген қарияларды ауызында 15-20 жиырмаға жуық тіс болуы қажеттігін маман дәрігерлердің өздері айтып отыр. Адамның ауыз қуысында орналасқан бұл тістердің маңыздылығы мен атқарар қызметі ерекше. Әсіресе, тістің адам денсаулығына тигізер әсері мол. Тамақты шайнап жегенде ұсақтау қызметін атқарады. Аузыңа салған асты асықпай, ұзақ шайнап жұтпасаң денсаулығыңа кері әсер етіп, асқазанның қызметін бұзады. Сондықтан тісті күтіп, баптай білсеңіз, жүзіңізден әр таймайды, адам ерте қартаймайды. Хадистің өзінде: «Алла алдымен тісіңді алады, содан кейін барып түсіңді алады» деген екен. Бүтін тіс қашанда адамның көркі.

Бірақ біздер көбіне тістің қадірін ауырғанда біліп, зыр қағып жүгіреміз. Тісіміз бүлініп, жарыдан көбі түсіп, тамақты шайнаудан қалғаннан кейін амалсыз тіс дәрігеріне барамыз. Оған дейін жағымызды сыртынан бір сипап қойып, ауырсада шыдап жүре береміз. Бұл біздің қазаққа тән қанға сіңген қасиетіміз. Қандай ауру болмасын жанымызға батып тұрса да, дәрігерге ажал аузында тұрғанда бару ежелгі әдетіміз. Тісіңіздің ауырғанын кез келген ағайынға айта қалсаңыз: «өй, соны да сөз етіп тұрсың ба?»- дейтіні рас. Тіс ауруын әлі күнге шейін ауру екен деп есептемейтініміз де шындық. Оның себебі, анда-санда бір ауыратын болған соң мән беріле бермейтіндіктен болар.

_____

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Оқушы

Балл

Мәтіннің тірек сөздерін анықтай алады,

1

Тірек сөздерді анықтай алды

1

Проблемалық сұрақтар қоя алады

1

Проблемалық сұрақ құрастыра алды

1

Барлығы

2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу