«Денсаулық – зор байлық». Дені саудың -жаны сау. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 9

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7Т1

Катысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

3-тарау. «Денсаулық – зор байлық»

Дені саудың -жаны сау

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Сабақ мақсаттары:

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

Бағалау критерийлері:

Мәтінді түсінеді, мәтін бойынша жеңіл және проблемалық сұрақтар қоя алады.

Тілдік мақсаттар

Адам денсаулығы,арақ,темекі наша- денсаулықтың қас жауы,салауатты өмір салты.

Осыған дейін меңгерілген білім:

ӘТН4.1 Грамматикалық норма

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: Мәтінді жақсы түсінеді

Оқушылардың көбісі: Қарапайым сұрақтар әзірлей алады.

Оқушылардың кейбірі: Проблемалық сұрақтар қоя алады.

Пәнаралық байланыс

Биология

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация,бейнежазба

Дереккөздер:

https://infourok.ru/

http://www.aktedu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=3423%3A2016-07-21-20-21-18&catid=166%3A2016-07-20-19-16-22&Itemid=250&lang=kz

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

2 минут

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау

«Жасырынған мақалдар»

Жаттаған мақал-мәтелдерін сурет қып салдыру, оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Мағынаны тану

15 минут

12 минут

2 минут

1-тапсырма

Адамның дені сау, мықты болу үшін не істеу керек? Неге біз «Дені саудың жаны сау» дегенді жиі айтамыз?

Берілген бейнежазбаны тыңдаңыз. 3 минут (Тыңдалым жүктелген) Тірек сөздерді теріп жазып, «Консенсус» тәсілі арқылы ең негізгі дегенді флипчартқа түсіріңдер.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Бейнежазба бойынша тірек сөздерді таба алады, флипчартқа ойларын түсіре алады.

Тыңдалымды түсінеді және тірек сөздерді таба алады.

Постер жасап, қорғай алады.

2-тапсырма.

1.Берілген мәтінді түсініп оқыңдар және негізгі идеясын анықтаңдар. 2.Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңдар.

.

Дені саудың- жаны сау

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы небір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық»,- деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.Адамға денсаулықтан қымбат не бар?Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтінді түсінеді, мәтін бойынша жеңіл және проблемалық сұрақтар қоя алады.

Мәтінді түсінеді және негізгі идеяны анықтай алады.

Мәтін бойынша жеңіл және проблемалық сұрақтар қоя алады.

Сонымен, адамның дені сау болуы –қоғамға да үлкен жетістік екенін білдік.Олай болса, қорытындылайықшы Денсаулық- зор байлық тарауынан біз не білдік, не үйрендік?

Ширату жаттығуы «Қол шапалақтау»

https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y

http://www.aktedu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=3423%3A2016-07-21-20-21-18&catid=166%3A2016-07-20-19-16-22&Itemid=250&lang=kz

https://infourok.ru/bayandama-deni-saudi-zhani-sau-588831.html

Ойтолғаныс

3 минут

1 минут

Үйге тапсырма: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтау мақсатында жаттаған мақал-мәтелдерді қолдана отырып,

«Салауатты өмір сүрудің маңызы неде?» деген тақарыпта эссе жазу.

Бағалау критерийі

Дескриптор

 Көркемдегіш құралдарды қолдана отырып 150-200 сөз көлемінде пайымдау эссесін жаза алады.

Тарау бойынша алған білімдерін қолдана алады.

Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады.

Сөз санын сақтайды.

Қосымша мәліметтер

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:

Оқушылардың белсенділігі: Проблемалық сұрақтарды қоюда белсенділігі артты.

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: «Консенсус» тәсілі арқылы жұмыста тайм-менеджмент сақталмай қалды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу