«Денсаулық – зор байлық». Денсаулық және экология. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: №7 | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Катысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 3-тарау. «Денсаулық – зор байлық». Денсаулық және экология | |||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Тақырып бойынша оқушылардың қабілетін қалыптастыру сабағы | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу. | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаза алады. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Аурудың алдын алу, емдеу бағыттары, медициналық көмек, денсаулық сақтау бөлімдері | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім: | Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру ӘТН1 Орфографиялық норма | |||||||||||||||
Дифференциация | Оқушылардың барлығы: оқылым материалындағы мәліметтерді түсінеді Оқушылардың көбісі: тірек сөздерді таба алады және синонимдерін айта алады. Оқушылардың кейбірі: жинақы мәтін жаза алады. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, тарих | |||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнежазба, презентация | |||||||||||||||
Дереккөздер: | http://kivvi.kz/watch/dfva13u4gm7n/ | |||||||||||||||
Сабақтың барысы: | ||||||||||||||||
Уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||
Қызығушылықты ояту | ||||||||||||||||
15 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Психологиялық ахуал. «Жемістер» ойыны. Адам денсаулығына пайдалы жемістер және дәрумендер туралы тақтадағы флипчартқа түрлі маркермен жазып шығады. Қай жемістің қандай дәруменге бай екендігін айтады. Бейнежазба көрсету. «Қазақстанның экологиялық проблемалары» Бейнежазба бойынша не айтасыз? Бүгінгі сабағымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар? «Үш қадамды сұхбат» тәсілін қолдану. Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. | |||||||||||||||
Мағынаны тану | ||||||||||||||||
20 минут | Тапсырма. Денсаулық тақырыбында оқылым мәтіні ұсынылады. (тыңдалым мәтінін де ұсынуға болады). Тапсырма: 1. Мәтінді оқушылар жеке оқып шығады. 2. Оқыған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды. Оны алдымен жеке жазады, сосын жұпта, кейін топта салыстырады. Соңғы нәтижесін сынып алдына алып шығады. Осылай негізгі тірек сөздерді анықтап алады. 3. Іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен (синонимдерімен) жазып шығады. 4. Баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы негізінде шағын, жинақы мәтін жазу тапсырылады. (мәтінді өзгертуге болады) Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары, мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету - біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы «Денсаулық жылы» деп атаудың өзі нені аңғартады? Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен емханаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады.
| Оқылым мәтіні: | ||||||||||||||
Ойтолғаныс | ||||||||||||||||
3 минут 2 минут | Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» Үй тапсырмасы: Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін оқып келу. | |||||||||||||||
Қосымша мәліметтер | ||||||||||||||||
Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі: ««Үш қадамды сұхбат» тәсілі сәтті шықты. Оқушылар проблемалық сұрақтар қойып, спорттың адам үшін қаншалықты маңызды екенін айтты. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың белсенділігі: Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: Мәтіндегі кейбір тірек сөздердің синонимін табуда қиналды, сондықтан синонимдер сөздігі таратылды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?