Денсаулық – зор байлық. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: № 8

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7Т1

Катысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

3-тарау. «Денсаулық – зор байлық»

Сабақтың түрі:

Қайталау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

ӘТН4.1 Грамматикалық норма

Сабақ мақсаттары:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийлері:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажырата алады, тілдесім барысында қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Етістікке тән терминдер: есімше, көсемше, шақ, рай, тұйық етістік

Осыған дейін меңгерілген білім:

Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: тілдесім барысында етістіктерді орынды қолдана алады.

Оқушылардың көбісі: етістіктердің түрін ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі: проблемалық сұрақтар қоя алады.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі,ағылшын тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация,бейнежазба

Сабақтың барысы

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

5 минут

15 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардан етістік туралы білетіндерін сұрап, өткен материалдарға шолу жасау, қайталау.

Кіріспе сұрақтар. Етістік дегеніміз не? Оның қандай категориялары бар?

Орыс,ағылшын тілдерінде етістіктің осындай категориялары бар ма? Қалай аталады?

Сыныпты 4 топқа бөлу. 1-топ есімше,2-топ көсемше, 3-топ етістіктің шақтары, 4-топ етістіктің райлары мен тұйық етістік

Үй тапсырмасын тексеру.

«Постер құру»

1-топ есімше,2-топ көсемше, 3-топ етістіктің шақтары, 4-топ етістіктің райлары мен тұйық етістік бойынша постер қорғайды.

Қорғаған постерлерін анықтама бұрышымен салыстыра отырып, қатемен жұмыс жүргізеді.

Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру;

https://kk.wikipedia.org/wiki/

2.http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/439

3.http://www.ped.kz/-%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80-%D0%B0/%D0%B1%D0%BB%D1%83%D0

Мағынаны тану

5 минут

15 минут

Ширату жаттығуы : «Қарын мен төбе»

1-тапсырма Екі суретке қарап тұйық етістікті қолдана отырып «Спорт- менің өмірім» немесе «Ақ халатты абзал жан» атты шағын әңгіме жазыңдар.

2-тапсырма: Жазған сөйлемдеріңдегі тұйық етістік жұрнақтарын шартты белгілерімен белгілеңдер. Тұйық етістік жалғанған сөздер қандай іс-әрекеттің атауы болып тұрғанын анықтаңдар. Сөйлемдерің қай райда айтылып тұрғанын анықтап, (ашық, қалау, бұйырық, шартты райлар) есімше, көсемше жұрнақтары мен тұйық етістік жұрнақтарының айырмашылығын сараптаңдар.

3-тапсырма: Жазғандарын жұпта талқылайды. Кейін топта талқылайды да сынып алдына әр топтан сәтті, нәтижелі шыққан әңгімені қорғайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажырата алады, тілдесім барысында қолдана алады

Етісітк туралы біледі

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.

https://infourok.ru/bayandama-deni-saudi-zhani-sau-588831.html

Ойтлоғаныс кезеңі

5 минут

Рефлексия «3-2-1»

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Үй тапсырмасы: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Қосымша мәліметтер

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың үй тапсырмасын шығармашылықпен орындағаны,бірін-бірі бағалай алуы тиімді өтті.

Оқушылардың белсенділігі: жақсы

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: 3тапсырманың бірін таңдап жазуда бірнеше оқушы үлгере аламай, қосымша сабақта аяқтады.Келесіде ол оқушыларға жеке тапсырма даярлау керек деп жоспарлап отырымын. («С» деңгейлі оқушы)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу