Денсаулық – зор байлық. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ
1-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулық – зор байлық | ||
Оқыту мақсаты | 7Т/А4 Негізгі ойды анықтау | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну және қолдану | ||
Бағалау критерийі | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды | ||
Тапсырма |
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін ең әуелі әрбір адам жеке басының тазалығын сақтауы керек. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, тісін тазалап, беті-қолын жууы керек. Таңғы, түскі және кешкі асты ішердің алдында, сабақтан, жұмыстан келгеннен соң міндетті түрде қолын сабындап жуған жөн. Кешке жатар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алсаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз әрі жақсы демаласыз. Адамның жақсы ұйықтауы үшін көрпе-жастықтың гигиеналық рөлі ерекше. Олар ауаны жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек. Көрпе-жастықтың тыстарының кенеп, мақта маталардан тігілгені пайдалы. Өйткені олар ыстықтатпайды, ауаны жақсы өткізеді де дененің еркін демалуына септігін тигізеді. Төсек-орынды кем дегенде 7-10 күнде ауыстырады. Күндіз оларды арнайы орынға немесе шкафқа жинап қойған дұрыс. Сұрақтарға жауап жазыңыз. 1.Адам денсаулығы неге байланысты? 2. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін не істеуі керек? 3.Бөлмені желдетудің қандай пайдасы бар? 4. Көрпе-жастықтың қандай матадан тігілгені дұрыс? 5. Төсек-орынды қанша күнде ауыстыру керек? 2. Жетекші сұрақтарды қолдану арқылы мәтін құрастыр. | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды |
| ||
|
2-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулық – зор байлық | ||
Оқыту мақсаты | 7Т/А4 Негізгі ойды анықтау | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау. Білу, түсіну және қолдану | ||
Бағалау критерийі | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды | ||
Тапсырма | Тапсырма. Аудио-видео жазбаларды берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар. А мәтін https://www.youtube.com/watch?v=FLFBt5D2SP0 Сөйлемді жалғастыр. Жақсы өмір – бұл.... Бақытты адам – ол... Ә мәтін https://www.youtube.com/watch?v=6fIZrbDW62k Сөйлемді жалғастыр. Мен адамдардың ..... жоғары бағалаймын. Менің өмірімнің маңызы мынада....
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін ең әуелі әрбір адам жеке басының тазалығын сақтауы керек. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, тісін тазалап, беті-қолын жууы керек. Таңғы, түскі және кешкі асты ішердің алдында, сабақтан, жұмыстан келгеннен соң міндетті түрде қолын сабындап жуған жөн. Кешке жатар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алсаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз әрі жақсы демаласыз. Адамның жақсы ұйықтауы үшін көрпе-жастықтың гигиеналық рөлі ерекше. Олар ауаны жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек. Көрпе-жастықтың тыстарының кенеп, мақта маталардан тігілгені пайдалы. Өйткені олар ыстықтатпайды, ауаны жақсы өткізеді де дененің еркін демалуына септігін тигізеді. Төсек-орынды кем дегенде 7-10 күнде ауыстырады. Күндіз оларды арнайы орынға немесе шкафқа жинап қойған дұрыс. Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
А) көмектесу В) жұмыс істеу С) демалу D) бірге болу 2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Адамның денсаулығы – ... байлығы А) қоғам В) елдің С) мемлекеттің D) халықтың 3. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, .... тазалап, беті-қолын жууы керек. А) тісін В) аяғын С) төсегін D) киімін 4. Көрпе-жастықтың тыстары ... жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек А) ауаны В) суықты С) жылыны D) шаңды 2. Жетекші сұрақтарды қолдану арқылы диалог құрастыр. | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды |
| ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?