Көшпелі өркениеттер фестивалі. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар оқушылар саны:

Бөлім атауы

Көшпенділер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы

 Көшпелі өркениеттер фестивалі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7ӘТН3 Лексикалық норма: Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Айтылым барысында мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Бағалау критерийлері

- Тыңдалым барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жазып алады.

- Айтылым кезінде фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.

Дескрипторлар

- Тыңдалым мәтініндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді анықтай алады;

- Айтылым барысында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

- Нақты фактілер келтіреді;

- Қорғау кезіндегі спикерлердің тіл байлықтарының молдығы, тіл тазалағы;

- Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдайды.

Тілдік мақсаттар

Айтылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек, жұртшылықтың қолдауымен, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: Елдің тарихын, мәдениетін ұмытпау, отбасы қадірін түсіну

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланат ын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

14 минут

Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аударту. Үй тапсырмасы тексеріледі. Топтар бір-бірінің зерттеу жұмыстарын бағалайды.

Оқушылардың тақырыпқа қатысты білімдерін тексеру, өткен сабақты пысықтау мақсатында жорға сұрақтар қойылады.

1. Материалдық мәдениет дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Қойбағар, Арпаөзен, Таңбалы жерлеріндегі /Іле - Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді? Бұл туралы кім жазып қалдырған?

Жауап: 4 - 6 доңғалақты арбалардың кескініне қарағанда сақтар жылқыны арбаға жегіп, көші - қонға пайдаланған. Бұл туралы Гиппократ: «Арбалар өте шағын, төрт дөңгелекті, 6 дөңгелекті арбалар киізбен жамылған күркелі арбалар да жасалады, олар жаңбыр мен желден пана. Бұл арбаларда бабалр мен әйелдер тұрады, ерлер қашанда ат үстінде болады»

деген.

3. Көшпелілер арбаға не жеккен? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?

Жауап: Мұндай арбаларға өгіздер мен түйелер жеккен. Бұл туралы грек тарихшылары сақтардың ағаштан жасалған үйлерде тұрып, қыста оның үстіне тығыз ақ киізбен жабатынын айтады.

4. Жерге талас шықққанда «Бұл жерде менің ата - бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады?

5. Отқа май күю салты бар, оны қалай түсіндіруге болады?

Жауап: Келін түскенде, күйеу алғаш келгенде – отқа май құйған. Ол жаңашылдықты, өзгерісті аңғартқан.

6. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?

Жауап:Әр түрлі бұйымдарға салынған жануарлар мүсіндері өзінше бір үлгідегі бойтұмар мен тұмаршалар болған. Ол тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас - тартыстарды, жаулаушылық кездерді білдіреді.

7. Бұл өнер туындыларынан нені байқауға болады?

Жауап: Аталмыш өнер туындыларынан сақ заманында батырлар жыры болғанын байқауға болады. Бұл туралы В. И. Абаев, М. П. Грязнов еңбектерінде айтылады.

Сабақ тақырыбын болжату үшін бірнеше суреттер ұсынылады.

Сабақ тақырыбы анықталған соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд №1

Слайд №2

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

6 мин

20 мин

Жорға сұрақтар арқылы анықталған А, В, С деңгейлі оқушылар топқа бөлу кезінде ескеріледі.

Тыңдалымалды тапсырма. «Фестиваль» сөзіне ассоциация құру.

Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар «Көшпелі өркениеттер фестивалі» деген тақырыпта репортаж мәтінін тыңдайды. Тыңдалым барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жазып алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа сәйкес фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, шағын жоба дайындайды.

1-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек»;

2-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек емес»;

3-топ: «Көшпенділер өркениеті» фестивалінің маңызы»;

4-топ: Сарапшы топ. Топ мүшелерінің саны тақ болады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сарапшы топ өзге топтарды бағалайды, бағалау кезеңінде ең алдымен бағалау критерийін ойластырып алуы керек. Оны мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып жасауға болады. Сонымен қатар, әр топтың жауабына қатысты екі жақсы пікір, бір ұсыныс айтады.

Тапсырма пікірталасқа құрылады.

  • 1 және 2 топ өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғау үшін шағын жобалық жұмыстар әзірлейді. Екі топтың да мақсаты Сарапшы топтың алдында өз көзқарастары мен ұстанымдарын сенімді дәлелдеп, олардың дауыстарына ие болулары керек. Қай топ көп дауысқа ие болса, сол топтың жұмысы жемісті болды деген сөз.
  • Сарапшы топтың қызметі – жобалық жұмысты қорғау кезінде сұрақтар қоюы, кейін өзінің қай топты таңдағанын және оны неге таңдағаны туралы дәлелдеп бере алуы керек. Сондай-ақ, екі топты жетістік критерийлері бойынша бағалап, мұғалімге тапсыру.
  • «Сырт көз» бұл мұғалімнің сарапшылардың жұмысын бағалауы.

Ол сарапшылар қаншалықты сұрақ қоя алды? Қаншалықты әділ баға берді? Өз таңдауларын ашып айта алды ма? деген тәрізді қадағалау жасайды.

Жобалық жұмыс нәтижелі болу үшін жетістік критерийі құрылады.

Дескрипторлар:

- Айтылым барысында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

- Нақты фактілер келтіреді;

- Қорғау кезіндегі спикерлердің тіл байлықтарының молдығы, тіл тазалағы;

- Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдайды.

Тапсырмадан соң:

Үш топ өз жобаларын қорғап болған соң, сарапшы топтар өз пікірлерін айтып, үшке бөлініп тұрған топтың бірін таңдап, солардың қасына барып тұрады.

Слайд №5

https://ok.ru/video/11732977061

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

Кері байланыс: «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін білдіру үшін өзім жеттім деген баспалдағын қарындашпен бояп көрсетеді.

Киіз үйдің қаңқасына бөліктерін жазып, жаттау.

Слайд №7

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу