Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар оқушылар саны:

Бөлім атауы

Көшпенділер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы

 Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7О2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану: Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7ӘТН4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқылым мәтіні арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін түсіну;

Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табу.

Бағалау критерийлері

- Оқылым мәтіні арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін түсінеді;

- Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табады, шақтарды ажырата алады.

Дескрипторлар

- Оқылым мәтіні арқылы стильдердің ерекшелігін түсінеді;

- Көшпенділер өркениетінің ерекшеліктерін біледі;

- Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табады, шақтарды ажырата алады.

- Топ атауына қатысты сөздер мен ұғымдарды теріп жазады;

- Ұғымдарға анықтама береді.

Тілдік мақсаттар

Көшпелі өркениет, мал шаруашылығы, көшпенділер мәдениеті, қылқалам шебері, қыр асқан сары дала, аруана, төрт түлік

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: Елдің тарихын, мәдениетін ұмытпау, отбасы қадірін түсіну

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланат ын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Тақырыпты болжау үшін интербелсенді тақтада сөздер көрсетіледі.

Оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады.

  • Берілген сөздерге байланысты қандай ой айтар едіңіздер?
  • Бұл сөздердің бір-бірімен байланысы бар деп ойлайсыздар ма?

Ой шақыру. Оқушыларға сыни ойланатын сұрақтар қою арқылы тақырыпты анықтату.

  • Өркениет дегеніміз не? 
  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
  • Мал шаруашылығы дамуының қандай кезеңдерін білесіңдер?
  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар?
  • Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

Тақырып анықталғаннан соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд №1

Слайд №2

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

3 мин

15 мин

15 мин

Оқылымалды тапсырма. Берілген суреттер арқылы оқылым мәтініндегі ақпаратты болжау, суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып айту.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылардың А, В, С деңгейлері бойынша жұпқа бөлу. Оқылған мәтінінің стилін ажырату, стильдердің ерекшеліктерін түсіну. Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табу.

Оқылым мәтіні.

Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын»

Құрманғазы ауданының Нарын құмында дүниеге келген қылқалам шебері шетсіз далаға көз тастап отыруды бала күнінде-ақ әдетке айналдырған. Оны өзінен бұрын ұшқыр қиялы алысқа жетелейтін. Қыр асқан сары даланы кенепке теңеп, ойша сурет салатын. Кейін бейнелеу өнеріне шындап кірісуді шешті. Осылайша жүрек қалауы оның қолына қылқаламды алдырды. Бүгінде ол оның айнымас серігі.

Сүйікті ісі мен кәсібі ұштасқан суретші-ұстазға өнерге қосқан үлесі үшін жақында ҚР мәдениет қайраткері атағы берілді. Түрлі деңгейдегі сурет көрмелеріне қатысып жүріп, өзінің жұмыстарына деген сұраныстың барына шүкіршілік еткен суретші кез-келген шығармашылық адамы секілді  әр туындысын сәбиіндей көреді. «Картиналарыммен қоштасқым келмейді, кейде қымбатқа болса да сатуға қимаймын» дейді.

- 16 желтоқсан күні «Теңізшевройл» компаниясында өткен көрмеде «Биіктік, самғау» атты жұмысыма шетелдіктер қызығып, сатып алғысы келген. Осы сурет үшін біреу 200 мың теңге беруге даяр болды. Бірақ, мен жұмысымды өзіммен бірге алып кеттім. Себебі, әр жұмыстың өз орны, өз тарихы бар. Оны мен екінші рет қайталап сала алмаймын,-деп ой бөлісті суретші. Ал жалпы, өзге жұмыстары елімізді айтпағанда, Италия, Америка, Венгрия, Қытай секілді елдерге жөнелтіліп үлгерген. Өнер иесін бір өкінтетіні, таңның атысын күткен бота бейнеленген «Беу, балалық» атты жұмысын сатылмай тұрып, естелік үшін суретке түсіріп алмағаны.

- Бұл жұмыста менің балалық шағымның естелігі жатқан. Бейнеленген бота өзім болатын. Көрмеге ілгенім сол-ақ еді, бірден өтіп кетті.

- Қарап тұрсам, бірнеше жұмыстарыңызда ботаның суреті бейнеленген.

- Сол малдардың арасында өскесін бе, ботаны жаным сүйеді. Ауылдан шықтық, қой бақтық, саумал іштік. Малдың ішінде бота деген мен үшін ең әдемісі, ең көркемі. Баяғыда ботаны көз тиеді деп қораның ішінде ұстайтын еді. Ботаны туғаннан соң бес ай ешкімге көрсетпейді. Расында да бота мен түйенің суреттері көп шығармаларымда бар екен. Ботадан бөлек, мен ауыл көрінісін салғанды жаным қалайды. Натюрморт салғым келіп тұрады. Қай жұмысыма да ұлттық бояуларды қосып, қазақтың ежелгі салт-дәстүрінен із қалдырып отырамын. Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын. Және бір қызығы, жылы түстер саналған сары, қызыл түске құмармын. Мүмкін ол туған жердің топырағының тартуы шығар. Бала күніміз құм даласында асыр салып ойнаған шақпен тікелей байланысты ғой, - дейді бейнелеу өнерінің шебері. 

Келер жылы ол көшпенділер өміріне арналған сериялы жеке көрмесін ұйымдастыруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде осы тақырыпқа арқау болатын жұмыстар да жиналып қалыпты. Мәселен, тағы да түйенің суреті мен киіз үй, даланың саршұнағы бейнеленген «Аруана» атты сурет (суретте) бояуы кеппеген жап-жаңа жұмысы. Ол да суретшінің дүниетанымында көшпенділер мәдениетінен сыр шертеді.

Отарбай аға өзінің шығармашылық жолындағы алғашқы жемісі «Дән» атты жұмысы деп біледі. Бұл оның кәсіби суретші атанғалы дүниеге келген алғашқы еңбегі.  

Бір айтатыны, суретші-ұстаздың тапсырыс арқылы жұмыс істеуге жаны қас. Өмірінде портрет салып көргені болмаса, біреудің тапсырысымен кенеп пен майлы бояуға жақындамақ түгілі, қолына қылқалам алғысы жоқ. «Әйтпесе, өнердің мәні кетеді, құты қашады» дейді кәсіпқой қылқалам шебері.                  

Айнұр САПАРОВА

Дескрипторлар:

- Оқылым мәтіні арқылы стильдердің ерекшелігін түсінеді;

- Көшпенділер өркениетінің ерекшеліктерін біледі;

- Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табады, шақтарды ажырата алады.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топқа «Материалдық мәдениет» деген атау беріледі.

2-топқа «Рухани мәдениет» деген атау беріледі.

3-топқа «Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері» деген атау беріледі.

Ой шақыру. Топтарға сұрақтар қойылады.

  • Материалдық мәдениет деген не?
  • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.
  • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?
  • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?
  • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?
  • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады?
  • Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

Әр топ өз атауына қатысты сөздер мен ұғымдарды теріп жазып, анықтама беру.

Салт-дәстүр; Обалар, күмбездер, баспана (киіз үй); Ислам діні; Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер; Ата-баба аруағына табыну; Киім-кешектер; Құрбандық; Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары; Христиан.Жазба деректер; Будда; Мал (төрт түлік); Табыну; Несториан діні; Христиан діні; Будда діні; Рух; Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/; Әдет-ғұрыптар; Ұмай анаға табыну; Күнге табыну; Отқа табыну; Жер-суға табыну; Несториан; Ислам.

Дескрипторлар:

  • Топ атауына қатысты сөздер мен ұғымдарды теріп жазады;
  • Ұғымдарға анықтама береді.

Слайд №5

Слайд №6

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

Кері байланыс: «--» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған маңызды ақпарат;
  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған аспекті;
  • Бүгінгі сабақта ұнаған іс-әрекет.

Зерттеу жұмысы. 1-топ: Таңбалытас, 2-топ: Есік обасы, 3-топ: Берел обасы.

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу