Көшпенділер мәдениеті. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Сабақ : қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||||||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Бөлім атауы | Көшпенділер мәдениеті | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көшпенділер мәдениеті | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, фактілерді көрсете отырып, көзқарастарын жазу; | |||||||||||||||||
Ресурстар | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Мәтін мазмұнын түсінеді, фактілерді көрсете отырып, көзқарастарын жазады, | |||||||||||||||||
Дескриптор | - Мәтін мазмұнын түсінеді; - Фактілерді тауып, көзқарастарын білдіре алады; - Ойын көркем тілде жеткізеді. | |||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Көшпенді халық, ата қоныс, ит — жеті қазынаның бірі, | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | |||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады. Миға шабуыл Ж. «Көшпенділер деген кімдер?», «Мәдениет дегенді қалай түсінесің?», «Көшпенділер мәдениеті деген не?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар нені білетінін және нені білгісі келетінін жазады. Білгім келеді бөлігіне жазылған сұрақтардың ішінен оқушылардың білетіндері болса жауап беруге мұғалім тарапынан рұқсат етіледі.
| |||||||||||||||||
Анықтама бұрышы Көзқарас - пікір, ой, ұғым. Адамдардың қоршаған ортаға деген түрлі дүниетанымы. Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс. 1-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы (мұғалім оқиды). Тапсырма 3 бөлікке бөлініп оқылады. 1-бөлік: ЖЖ.Тыңдалған мәтіннің қысқаша мазмұнын айтады, көзқарасын білдіреді. 2-бөлік: Ж. ЖЖ. Мәтіннің 2-бөлігі тыңдалғаннан кейін оқушылар фактілерді анықтап, көзқарастарын білдіреді.
Жазғандарын алдымен жұпта салыстырады. Бір-біріне талдаулар жасап, ортақ нұсқа дайындайды. 3-бөлік: Тірек сөздерді теріп жазу және соған негіздей отырып өз пікірін айту. Қалыптастырушы бағалау: 1-бөлікте мұғалім жарайсың, өте жақсы, керемет сөздерімен бағалайды; 2-бөлікте жұпта жасаған жұмыстарына пікір білдіру арқылы өзара бағалау жүреді; 3-бөлікте екі жұлдыз бір тілек арқылы сыныпта бағаланады. Дифференциация. А деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жақсы біледі; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді; В деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді. С деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады. Көшпенділер өркениеті 1-бөлік. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды. Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады. 2-бөлік.Көшпенділер көлігі. Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн. Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі. Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ «ит — жеті қазынаның бірі» деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға пайдаланды. Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. 3-мәтін. Көшпенділер саудасы Көшпенділер саудасы — сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шықкан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді және атап айтқанда, қолға түсірілген олжаны сатуга мүмкіндік берді. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды. Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды. Соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын. Қорытынды. ББҮ кестесінің 3- бөлігі толтырылады.
| ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы
|
Қосымша ақпарат | ||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?