Көшпенділер мәдениеті. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Көшпенділер мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра отырып, ұсынылған тапсырма жанрына сай жазба жұмыстарын орындау.

Бағалау критерийі

Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра алады; жанрына сай жазба жұмыстарын орындайды және ойын еркін жеткізе алады.

Анықтама бұрышы

 

Күнделік жанры: Француз жазушысы Жюль Ренар: «Күнделікадам жанының айнасы» деген. Ал, surak-zhauap.kz сайтында Айдана есімді бойжеткен: «Күнделік-күнделікті өмірің! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады. Күнделік сенін сырласың, әрі досың.

Интервью жанры: көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіндірмелі интервью болып екіге бөлінеді.

Әңгіме жанры: оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Тапсырма

1-топ. Күнделік жазыңыз. Сіздер осы көрмені тамашалауға келген 7-сынып оқушыларысыздар. Мұғалім сіздерге көшпенділер өмірінен алған мәліметтеріңізді күнделікке түсіруді тапсырды. Сөз көлемі-120 сөз.

2-топ. Интервью жазыңыз. Сіз өзіңізді осы көрмеге келген журналист маманмын деп ойлаңыз. Сіздің сұхбат алушыңыз көрмеге келген 7-сынып оқушылары. Көшпелі өмірді насихаттаушы 7-сынып оқушылары мен тілшінің рөліне еніп, интервью жазыңыз. 120 сөз.

3-топ. Қиял-ғажайып әңгіме жазыңыз. Сіз «Уақыт машинасы» арқылы көшпенділер заманына тап болдыңыз. Сондағы әсеріңізді әңгімелеп жазыңыз. Сөз саны-120 сөз.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу