Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ
Топқа бөлу
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي )
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.)
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл,философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс Аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттардың авторы), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Ол домбыраның «атасы».
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
(шамамен 1017/1021–1075)ж.
Жүсіп Баласағұни,негізгі есімі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075)ж. – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық қала атауы. Шу ауданындағы Шу өзенінің сол жағасында орналасқан (жергілікті халық «Ақтөбе» деп атап кеткен) көне қала. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.
Махмұд Қашқари
(толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) 1030 – 1090 (1029–1101)жж
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) 1030 – 1090 (1029–1101)жж – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист - ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы)
Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Араб, парсы тілдерін жетік біліп, түрік сөздерімен салыстырған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің сөздігі) ең ұлы шығармасын жазған. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі.
Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103,1041 Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Қожа Ахмет Ясауи–1103 (1093) жылы тулыған Түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Пайғамбар жасына келгенде қылуетке түсіп тіршілік еткен. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы жазылды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Даналық кітап). Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан. Кесенені салдырған Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған.
Тыңдалым материалы
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.).
... Аңыз бойынша Айша бибі асқан сұлулығымен қатар ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағдаласады. Жан-жақтан жау анталаған заманда елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже (кей жазбаларда Бабаджа хатун) қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына дем алуға тоқтайды. Күтушілері ас қамдауға кіріседі. Суық суға шомылып алған Айша сұлу дем ала тұрмақ болып қисаяды. Сүйгенінің ауылын алыстан көріп, енді сәл уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, ұйықтап кетеді. Сол кезде улы жылан шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады...
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылған. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынған. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынған. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30х13 метр аумағы бар кесене тұр. Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты. Белгілі Йассауийтанушы ғалым Мұхтар Қожаев: «...Арыстанбаб жайлы мынадай бір аңыз бар; Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап; Мен дүниеден қайтып барамын. Кім менің аманатымды алып, ісімді алға жалғар екен?» -деген. Сол кезде топтан 300 жастағы Арыстанбаб үн қатады. Ол сол кезге дейін отыз үш түрлі дінді білген, бірақ тек Исламды ғана мойынсұнған адам. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алламен ақылдасуға аттанады. Оның ризашылығын алған соң аманатын Арыстанбабқа береді»- деп жазады. Бұдан Арыстан бабтың Қ.А.Йассауидың рухани ұстазы болғанын аңғаруға болады. Тағы бір аңыз- Әмір Темір Йассауи бабамыздың басына кесене тұрғызу жұмысын бастатқанда, кесене қайта-қайта себепсіз құлай беріпті. Содан себебін іздеген сәуегейлер, «алдымен Арыстан бабтың басына кесене тұрғызыңыз» деген ел тілегін жеткізеді. Осылайша алдымен Отырардағы Арыстан баб кесенесі тұрғызылған екен. Халық аузында «Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Бабтардың бабы – Арыстан баб» деген сөз бекерге қалмаған.
Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ ғ.) Тараз өлкесіндегі Айша бибі кесенесінің маңына, биіктеу жерде орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларында сәндік безендірулер жоқ, бірақ сәулеттік құрылыстың жинақы әрі қарапайым ою-өрнектері үйлесім тапқан.Кесененің салыну тарихына және Бабаджа Хатунның өз басына байланысты құжаттық мәліметтер жоқтың қасы. Ескерткішке археологиялық қазба жұмысы жүргізілмеген.
Кесене күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған. Оның күмбезінен басқа бөліктері жақсы сақталған. Күмбездің тек қырлы барабаны мен қырлы шатыр жабуының бөліктері аман қалған. Күмбез 1979 жылы қалпына келтірілді. Ескерткіш жобасында онша үлкен емес, ішкі жақтарының ұзындығы 4,5 м болып келген шаршы тұрпатты құрылыс. Ол кезінде көп қырлы жұлдызды барабанға тіркелген ішкі жағы бүрмелі, сырлы қырлы шатыр күмбезбен жабылған. Құрылыстың архитектуралық келбетінің көріктілігі қарапайым тәсілмен іске асырылған.Онда терракотты ойма “насх” әдісімен жазылған мәтіннің бөлігі сақталған: Қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун қабірі... Оны салушы» деген жазулар бөлігі сақталған. Шебердің аты-жөні сақталмаған. Эпитафияның бір бөлігі құрылысты салу барысында жоғалып кетсе керек. Кіретін жер – шығыс жағында.
Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене - үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медіресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 жылы 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі - қабірхана ортасында Қожа Ахмет Яссауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. 16 ғасырдан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады.
Мұхаммед Пайғамбар айтқандай Қажы Ахмет жеті жасқа келгенде Арыстанбабты өзі танып; «Баба, аманатымды беріңіз?»- деп кездескен жерде бірден ұстай алады. Арыстанбап 400 жыл бойы тісінің қуысына сақтаған құрманы балаға ұсынады. Бала Ахмет ол құрманы кідірместен аузына қағып салады. Сонда Арыстанбаб; «Балам, аманатыңды 400 жыл сақтағанда, «дәм татыңыз»- деп мәзерет те қылмадың ғой»-дейді. Ахмет болса; «Сіз маған құрманың маңызын сорып, сүйегін берген жоқсыз ба?» - деп жазса. Белгілі Йассауийтанушы ғалым Мұхтар Қожаев: «...Арыстанбаб жайлы мынадай бір аңыз бар; Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап; Мен дүниеден қайтып барамын. Кім менің аманатымды алып, ісімді алға жалғар екен?» -деген. Сол кезде топтан 300 жастағы Арыстанбаб үн қатады. Ол сол кезге дейін отыз үш түрлі дінді білген, бірақ тек Исламды ғана мойынсұнған адам....»- деп жазады.
Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Шығыс моншаларына ұқсас Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда болды.Монша мешіттен кейінгі адам ең көп баратын орын болды. Белгілі шығыстанушы И.А. Орбели «Монша және XII ғасырдың сайқымазағы» деген мақаласында моншаны былай сипаттайды:«... бүкіл Шығыстағы сияқты, Кавказда да монша — қала бастығы да, цехтық ұйымдар да, өзі үшін және өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, сонымен қатар күш-қуатты толыстыру, бұзылған көңіл күйін көтеру үшін, демалу үшін, достармен кездесіп, достық әңгіме-дүкен құру үшін, сатып алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және шахматтан немесе нардтан шеберлік көрсету үшін қызмет етеді». Моншалар өзінше бір емдеу орындары да болған. IX — X ғасырлардағы дәрігер Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттей келіп, моншаларды жақсы кескіндемелермен безендіруді ұсынды, ол уайымнан арылтып, қаумалатан қалын ойдан сергітеді, өйткені жуыну хайуандық, рухани және табити залалды қуаттарды әлсіретеді деген. Моншалар, зерттеушілердің топшылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, ерте дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. Моншалардың басқа ортадан, атап айтқанда, ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтьшады. Сәндік-қолданбалы өнер орта тасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металла, әсіресе, құрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безендіру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Ол көбінесе құрылыс тұрғызылған материалдың өзімен орындалды. Сары топырақты балшық пен ганч сондай құрылыс материалы болтан. Шеберлер тегіс қабырғаны көбінесе кірпішті «қырынан» қалау арқылы жандандырып, белгілі бір суреттер жасаған. Бейнелі қалау осылайша туып, ол кейіннен күйдірілген кірпішке көшірілді. Кірпіштерді тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы суретшілер алуан түрлі өрнекті және жарық әсемдігіне қол жеткізген. Сонымен бірге кірпішті «қырынан» қалау жер сілкінісіне қарсы тәсіл де болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен енгізілді, ол XI — XII ғасырлар шебінде кеңінен қолданылған сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?