Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады.
Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу аркылы жасалады:
-қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: алған,берме-ген, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған, жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады;
-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары қосылу арқылыболжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, т.б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады;
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімшежасалады: бар-мақ, кел-мек, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін —мақ, жіңішке буыннан кейін -мақ жалғанады. Сөздің соңғы дыбысы мұрын жолды үнді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.
Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады.
Көсемшенің жұрнақтары:
- Шарт: майынша, мейінше
- Мезгіл: ғанша/генше, қанша/кенше
- Өткен шақ: ып, іп, п
- Осы шақ: а, е, й
- Мақсатты келер шақ: ғалы/гелі, қалы/келі
Мақал-мәтелдер
- Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
- Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
- Асқар тау алыстан көрінеді.
- Сын түзелмей, мін түзелмейді.
- Ат баспаймын деген жерін үш басар,
Ер татпаймын деген дәмін үш татар.
- Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақсұңқар қаққызбай іледі.
- Адамды түсіне қарап таныма,
Ісіне қарап таны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?