Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пәні: Қазақ тілі | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||
Бөлім | Көшпенділер мәдениеті | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? | ||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 7О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану 7Ж4 Эссе жазу 7ӘТН4.1 Грамматикалық норма | ||||||||
Оқу мақсаттары | 7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. 7ӘТН4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. 7Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе). | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады. | ||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | ||||||||
Бағалау критерийлері | Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы түсінеді. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты эссе жазады. | ||||||||
Дескрипторлар | - географиялық деректерді таба алады; -маршруттық картаға түсіре алады. - етістіктің есімше көсемше түрлерін ажыратады. - жазба жұмыстарында қолдана алады. -эссе құрылымын біледі; -әр топ мүшесі 3 сөйлемнен жазады; -біртұтас аяқталған эссе жазады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, этнография | ||||||||
АКТ-ны қолдану | Интербелсенді тақта | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ауа райы және климаттық өзгерістер | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу Қызығушылықты ояту/Топқа бөлу Оқушылардың ішінен мұғалім 4 оқушыны таңдап алады. Сол 4 оқушы өзіне 5 оқушыдан топ жасақтайды. Сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақ мақсаттарын оқушылардың өзіне айтқызу арқылы айқындау. Дескрипторлармен таныстыру | Үлестірме қағаздар | |||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 12 минут | 1-тапсырма. Оқылым/Жазылым. «Маршруттық карта жолымен». ТЖ Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша өздеріне тиесілі тұлғаның өмірбаянына қатысты маршруттық картаға мәліметтерді түсіреді. Өз тобының атауына сәйкес тұлғаның өміріне қатысты географиялық деректі маршруттық картаға сызып,таныстырып болған соң жапсырып кетеді. Дескриптор: - географиялық деректерді таба алады; -маршруттық картаға түсіре алады. 2-тапсырма. Жазылым. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Мұғалім оқушыларға есімше, көсемше туралы ақпарат береді. 1-нұсқа Оқушылар қарамен жазылған есімшелерді тұлғасына қарай талдайды. Біздің баққанымыз-құмды алғаш көріп отырған бөлек тұқым. Осының қамын ойлап, қорыққаннан құмға тығылып ем. Енді көрші боп келген отарлар құмның сирек отын таласа жеп, біздің қойдың өрісін тарылтатын болып отыр... Есіркеп екі күн бойы құмды кезгенде жайылыс жағдайын түгел шолған. Биыл осы өңірде қойға азық болатын изен мен еркек дейтін шөптің жеткілікті екендігіне көзі қанды. Қой ішіне келгенде, Қанипадан Бобров соңғы күндері жайылыстың қиындап бара жатқанын біледі. 2-нұсқа. Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта тұрғанын айтыңда және тұлғалық талдау жасап, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.
Дос жылатып айтады.
Ақылы көпті дау алмайды.
Ер татпаймын деген дәмін үш татар.
Ақсұңқар қаққызбай іледі.
Ісіне қарап таны. Дескрипторлар: - етістіктің есімше көсемше түрлерін ажыратады. - жазба жұмыстарында қолдана алады. | Слайд | |||||||
Сабақтың соңы 8 минут | Сабақты қорытындылау Бұл кезеңде топтарға «Түркі мәдениетінің әлем өркениеті дамуына қосқан үлесі қандай?» тақырыбында сабақтан алған мәліметтеріне сүйене отырып, 3 сөйлемнен тұратын эссе жазу тапсырылады. Эссені бір-біріне жалғастыра оқиды. | ||||||||
5 минут | Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс береді. | ||||||||
Бағалау | Бағалау критерийлері бойынша бағалау | ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?