Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 5 сабақ


1. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

2. Гүл гүл жайнап жер аспан

Гүрілдейді сайда өзен

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?

3. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

"Қызыл қырман" ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

4. Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық НЕ? себелеп.

Қалт құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек

5. Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Балаларым айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды шешу

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері

Оқу мақсаттары: Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

ӘТН1 Орфографиялық норма

Сабақтың мақсаттары: Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

 

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

БАҒАЛАУ КРИТЕРЙЛЕРІ:

Жазылым бойынша:

Мәтін құрылымын сақтай отырып, жаза алады;

Графиктік мәтінді сипаттай алады;

Жалғаулар мен шылауларды ажырата отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Жазылым алдындағы тапсырма.

«Менің қиялым» айдарында тапсырма.

Жұптық жұмыс.

Онда оқушылар алдымен жұпқа бөлінеді. Жұптар бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Бір оқушы табиғаттағы түрлі ауа райының құбылыстарын атайды, екінші оқушы соны шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы: қыс және қар туралы айтса, қыстың шартты белгісі ретінде жұлдызшалардың (***** ) суретін салады.

Үлгі ретінде:

Топтық жұмыс.

«Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың?»

Сыныптың 4 бұрышындағы «ЖАЗ», «КҮЗ», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» деп жазылған жыл мезгілдерінің атауы ілініп тұрады. Әр оқушы өзі ұнататын мезгіл атауының қасына топтасады. Әр топ өзі жақсы көретін жыл мезгілдеріндегі ауа райы, климаты туралы әңгімелесіп алады. Әңгімелесу барысында ақпараттарын шартты белгі, сурет, сызба түрінде беруді ойластырып алулары керек (яғни оқушылар графиктік мәтінді өздері құрастырады)

«Сүйікті жыл мезгілім» айдары, яғни әр топ өз жұмыстарын бір-біріне таныстыра отырып, бір-бірімен араласып сұхбат алады. Сұхбат мазмұны сол оқушының өзі ұнататын жыл мезгілдеріндегі ауа райының, климаттың ерекшелігі, қасиеттері туралы болу керек. Ол ақпараттарды сұхбат алушыға шартты белгі, сурет, сызба түрінде беру керек.

3 Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы:

Оқушыларға ауа райы мен климат туралы сұхбат берушілерден алынған ақпараттарды сөйлем түрінде сипаттап жазу міндеттеледі.

Жазу кезінде кіріспесі, жалпы мәлімет беру немесе детальді мәлімет жазуын ескертіп отыру керек.

3-2-1 әдісімен бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды:

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды

КЕРІ БАЙЛАНЫС «3-2-1 әдісі» бойынша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу