Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 5 | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну ӘТН1 Орфографиялық норма | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жазылым бойынша:
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Менің ойымша... Менің пікірімше... Қорытындылай келгенде... Ақпараттарға көз жүгіртсек... | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ауа райы және климаттық өзгерістер | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. Қызығушылықты ояту. Жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды шешу
Ұсынылған жұмбақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбына болжам жасайды және сабақ мақсаттарымен таныстырылады. | Слайд 1+2 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 15 минут | Жазылым алдындағы тапсырма. «Менің қиялым» айдарында тапсырма. Жұптық жұмыс. Онда оқушылар алдымен жұпқа бөлінеді. Жұптар бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Бір оқушы табиғаттағы түрлі ауа райының құбылыстарын атайды, екінші оқушы соны шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы: қыс және қар туралы айтса, қыстың шартты белгісі ретінде жұлдызшалардың (***** ) суретін салады. Үлгі ретінде:
Сыныптың 4 бұрышындағы «ЖАЗ», «КҮЗ», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» деп жазылған жыл мезгілдерінің атауы ілініп тұрады. Әр оқушы өзі ұнататын мезгіл атауының қасына топтасады. Әр топ өзі жақсы көретін жыл мезгілдеріндегі ауа райы, климаты туралы әңгімелесіп алады. Әңгімелесу барысында ақпараттарын шартты белгі, сурет, сызба түрінде беруді ойластырып алулары керек.(яғни оқушылар графиктік мәтінді өздері құрастырады) Әр топқа бағалау критерийлері ұсынылады:
Әр топ басқа топтардан алған ақпараттары туралы бөлісіп, талқыға салады. | А4 қағаздары, түрлі түсті маркерлер А3 форматтағы қағаздар маркерлер (сыныптың 4 бұрышында тұру керек) | ||||||||||||||||||||||||||||||
15 мин Кері байланыс Сабақтың соңы 2 минут | Сергіту сәті. Қимылды ойын: «Құбылыстарды көрсет»Жел тұрды гуілдеп,Ағаш біткен уілдеп.Аспанды бұлт торлады,Найзағайлар ойнады.Жаңбыр жауды себелеп,Кемпір қосақ көрінді.Жарқыраған күн шықты. (оқушылар қимылмен көрсетеді) 3 Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы: Оқушыларға ауа райы мен климат туралы сұхбат берушілерден алынған ақпараттарды сөйлем түрінде сипаттап жазу міндеттеледі. Жазу кезінде кіріспесі, жалпы мәлімет беру немесе детальді мәлімет жазуын ескертіп отыру керек. Төмендегі ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушыларға таратылады.
Оқушылардың жұмыстарын жинап алынып, сабақтың соңында оқушылар:
3 негізгі ақпарат 2 маңызды факті 1 қорытынды | |||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?