Қоршаған ортаны қорғау. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ
І топқа
А-мәтіні
Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.
Тікелей трансляцияда көрсетілген онлайн-конференцияға қатысқан География институтының табиғи апаттар лабораториясының жетекшісі Виктор Благовещенский мен «Қазгидромет» мекемесінің аға ғылыми қызметкері Борис Степановтың таудағы мұздықтардың еруінен туындайтын селдің пайда болуы мен оның алдын алуға қатысты кейбір пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Виктор Благовещенский: «Сел болуы мүмкін еді. Себебі жылда жаз кездерінде тауларымызда мұздықтар ерігенде сел жүру қаупі туады. Бұл қауіп жыл сайын қайталанады.«Қазселденқорғау» мекемесі мұздықтардың жай-күйін әуеден тікұшақпен тұрақты түрде бақылап отырады. Осыдан он күн бұрын бақылағанда жағдай соншалықты қауіпті емес болатын. Бірақ одан бері ауа температурасы + 37 градустан түспей ысып тұрды. Мұздықтарда температура ең жоғары деңгей – 20 градусқа жетті. Бұрын бұл бассейнде мұздық астындағы моренада көлшік пайда болғаны байқалмаған. Ал кешегі бөгет мұздық суларынан емес, жауын-шашын суынан жүретін селді тосуға арнап салынған.
Алматыда шілденің 23-іне қараған түні қаланың бірнеше ауданы аумағында сел жүріп, жүздеген үйді су басқан. Адам шығыны болмағанмен, жер үйлер мен жолдар қатты бүлінген. Қалада ерекше зардап шеккен аумақ – былтыр құрылған Наурызбай ауданы. Ресми орындар Алматыда селге Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішіндегі еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған көлшік суының көтерілуі себеп болған дейді.
ІІ топқа
Ә-мәтіні
Францияда БҰҰ-ның климат өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылайтын дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр. 147 елдің басшылары экологтардың көбі «ескірді» деп санайтын Киото хаттамасының орнына қабылданатын жаңа келісімнің шарттарын жан-жақты талқылап отыр. Жаңа құжат ғаламдық климаттың жылынуына себепкер парник газдарының бөлінуін тежеуі тиіс.
Азаттық «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі, БҰҰ конференциясына қазақстандық делегация құрамында қатысып отырған Мэлс Елеусізовтен жиында айтылған мәселелер жайлы сұрады.
Азаттық: – Конференцияға қатысу Қазақстан проблемаларын шешуге қаншалықты ықпал ете алады?
Мэлс Елеусізов: – Мұндай конференциялардың не беретінін өзім де түсінбеймін. 20 жыл қатарынан қарақұрым халық жиналып өткізіп жатады, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Климаттың өзгеруіне әсер ететін проблемаларды шешудің еш қиындығы жоқ. Оларды жұрттың бәрі біледі. Парник әсері газдардан пайда болады.
Азаттық: – Әлем елдері басшылары осы мәселені талқылау үшін жинала ма? Әлде олар өзге де проблемаларды талқылай ма?
Мэлс Елеусізов: – Терроризм проблемасы ушығуына байланысты бұл жолғы конференция өз тақырыбынан біраз ауытқыды. Бірақ климатқа көңіл бөлу керек екенін олар қазір түсінді. Бұрын мұндай көңіл бөлінбейтін. Атмосфераны ең көп ластайтын елдер – Қытай, Ресей және АҚШ. Климаттың жылыну проблемасы адамзатқа атом соғысынан да қауіпті екені осы конференцияда алғаш рет айтылды. Бірақ әлдебір тұщымды нәтижелер байқалмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?