Қоршаған ортаны қорғау. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Климат және климаттық өзгерістер.

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортаны қорғау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О3.Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

7.О5.Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша оқылым мәтінін құрылымдық және жанрлық ерекшеліктеріне сай талдап, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға арналған нақтылау сұрақтарын құрастырады.

 Бағалау критерийлері

-Мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады;

-Мәтін тіліндегі тілдік құрылымдарға кең түрде талдау жасай алады;

-Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттар арқылы көтерілген мәселені айқындай алады;

-Нақтылау сұрақтарын дайын тіркестер арқылы сауатты құрастыра алады;

 Тілдік дағдылар

Оқушылар: тақырыбына қатысты зат есім, сын есім, етістіктерді еске түсіреді,оларды оқылымда ұтымды қолданады

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

География пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан бейнемариал көреді, сонымен қатар оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.

Оқушы назарын сабаққа аударту мақсатында, «Қоршаған ортаны қорғау- жерді сақтау» тақырыбында бейнематериал көріп, сабақтың тақырыбына болжам жасайды.

https://www.youtube.com/watch?v=xMslLySBQUI (Save earth save environment)

2:02 минут

ЖЕТЕЛЕУШІ СҰРАҚТАР:

  • Бейнематериалдан не байқадыңыздар?
  • Климаттың бұзылуына не себеп?
  • Экологияны қалай сақтай аламыз?
  • Сіз тұрып жатқан мекеннің климаты қандай?

Төмендегі суреттер арқылы сынып 2 топқа бөлінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=xMslLySBQUI (Save earth save environment)

Сабақтың ортасы

20 мин

5 минут

10 минут

7.О3. Оқу мақсаты бойынша оқушылар А және Ә мәтінінің тілінің тілдік құрылымына талдау жасайды.

1 топқа - А-мәтіні

 Азаттық Алматыда жүрген селге байланысты табиғи апаттарды зерттейтін мамандармен онлайн-конференция өткізді.

 Тікелей трансляцияда көрсетілген онлайн-конференцияға қатысқан География институтының табиғи апаттар лабораториясының жетекшісі Виктор Благовещенский мен «Қазгидромет» мекемесінің аға ғылыми қызметкері Борис Степановтың таудағы мұздықтардың еруінен туындайтын селдің пайда болуы мен оның алдын алуға қатысты кейбір пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

 Виктор Благовещенский: «Сел болуы мүмкін еді. Себебі жылда жаз кездерінде тауларымызда мұздықтар ерігенде сел жүру қаупі туады. Бұл қауіп жыл сайын қайталанады.«Қазселденқорғау» мекемесі мұздықтардың жай-күйін әуеден тікұшақпен тұрақты түрде бақылап отырады. Осыдан он күн бұрын бақылағанда жағдай соншалықты қауіпті емес болатын. Бірақ одан бері ауа температурасы + 37 градустан түспей ысып тұрды. Мұздықтарда температура ең жоғары деңгей – 20 градусқа жетті. Бұрын бұл бассейнде мұздық астындағы моренада көлшік пайда болғаны байқалмаған. Ал кешегі бөгет мұздық суларынан емес, жауын-шашын суынан жүретін селді тосуға арнап салынған.

 Алматыда шілденің 23-іне қараған түні қаланың бірнеше ауданы аумағында сел жүріп, жүздеген үйді су басқан. Адам шығыны болмағанмен, жер үйлер мен жолдар қатты бүлінген. Қалада ерекше зардап шеккен аумақ – былтыр құрылған Наурызбай ауданы. Ресми орындар Алматыда селге Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішіндегі еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған көлшік суының көтерілуі себеп болған дейді.

 ІІ топқа - Ә-мәтіні

 Францияда БҰҰ-ның климат өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылайтын дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр. 147 елдің басшылары экологтардың көбі «ескірді» деп санайтын Киото хаттамасының орнына қабылданатын жаңа келісімнің шарттарын жан-жақты талқылап отыр. Жаңа құжат ғаламдық климаттың жылынуына себепкер парник газдарының бөлінуін тежеуі тиіс.

 Азаттық «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі, БҰҰ конференциясына қазақстандық делегация құрамында қатысып отырған Мэлс Елеусізовтен жиында айтылған мәселелер жайлы сұрады.

Азаттық: – Конференцияға қатысу Қазақстан проблемаларын шешуге қаншалықты ықпал ете алады?

Мэлс Елеусізов– Мұндай конференциялардың не беретінін өзім де түсінбеймін. 20 жыл қатарынан қарақұрым халық жиналып өткізіп жатады, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Климаттың өзгеруіне әсер ететін проблемаларды шешудің еш қиындығы жоқ. Оларды жұрттың бәрі біледі. Парник әсері газдардан пайда болады.

Азаттық– Әлем елдері басшылары осы мәселені талқылау үшін жинала ма? Әлде олар өзге де проблемаларды талқылай ма?

Мэлс Елеусізов– Терроризм проблемасы ушығуына байланысты бұл жолғы конференция өз тақырыбынан біраз ауытқыды. Бірақ климатқа көңіл бөлу керек екенін олар қазір түсінді. Бұрын мұндай көңіл бөлінбейтін. Атмосфераны ең көп ластайтын елдер – Қытай, Ресей және АҚШ. Климаттың жылыну проблемасы адамзатқа атом соғысынан да қауіпті екені осы конференцияда алғаш рет айтылды. Бірақ әлдебір тұщымды нәтижелер байқалмайды.

1 Тапсырма.

  • Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
  • Мәтін тіліндегі тілдік құрылымдарға талдау жасау.

Бағалау критерийлері:

7.О3.

-мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады;

-мәтін тіліндегі тілдік құрылымдарға кең түрде талдау жасай алады;

2 Тапсырма. Тақырыпқа қатысты мәтін оқиды.

Оқушылар шеңбер ойынын ойнайды. Олар ішкі шеңбер, сыртқы шеңберде тұрып, мәтін тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. Ішкі шеңберден үш адам шығып, сыртқы шеңберде тұрғандарға нақтылау сұрақтар қояды

XXII ғасырдың басында ауа температурасы 77°C-қа жетеді.

 Америкалық ғалымдар Катар, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі территориясының ХХІІ ғасырға арналған климаттық моделін жасады. Ресми болжамға орай, аталған елдерде жазғы температура 35°C-тан төмен түспейді. Ал ауа ылғалдығы 100%-ға дейін көтеріледі. Мұндай атмосферада дені сау адамның ағзасы да біркелкі жұмыс істей алмайды. Ғылыми зерттеу мақаласы Nature Climate Change журналында жарияланды.

 «Расында Парсы шығанағындағы барлық елдер ыстық температурадан зардап шекпейтін болады. Абу-Даби, Дубай және Доха сынды дамыған қалалардың басшылары көшелерді оқшаулап, орташа температураны қалыптастыру үшін желдеткіштермен орнатады. Ал жағдайы көтермейтін елдерде адамдардың түнде жұмыс істеп, күндіз демалатын күн тәртібіне ауысудан өзге амалы қалмайды», - дейді Чикагодағы Лойола университетінің профессоры Джереми Пал.

 Ғалымдардың айтуынша, Парсы шығанағындағы ел тұрғындары болашақта күндіз көшеде серуендеуді қояды. Себебі атмосфераның ылғалдығы мен жоғары температура ыстыққа төзімді оңтүстік адамдарының денсаулығына да айтарлықтай кері әсер етеді.

Бағалау

7.О5.

-мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттар арқылы көтерілген мәселені айқындай алады;

-нақтылау сұрақтарын дайын тіркестер арқылы сауатты құрастыра алады;

Массагет порталынан алынған мақала

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «Баспалдақ»

БК бойынша оқушылар жұптарда бағаланады.

ОЖ

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны ментальды (концептуалды) карта жасауда оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт беру арқылы жүзеге асырамын.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін

Әр оқушының дәптеріне бүгінгі жасаған жұмысы бойынша смайлик салып, не нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазамын

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға келесі мүмкіндіктер болды: оқушы өзі ойланып, идея ұсынады, алған ақпараты бойынша

өмірлік жағадаяттармен байланыстырып қорытынды жасады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу