Технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жанаева Г.Ш.

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Технология жетістіктері

 Сабақтың

 мақсаттары

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.

Бағалау критерийлері

Ресми сөздер мен тіркестер, термин сөздерді қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді.

 Тілдік мақсаттар

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Оқушылар түсініп оқиды,тыңдайды және дұрыс жазады.

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер

Сұрақ құрастыруда: Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы ойын жинақтап сөйлейді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін.

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушыларды жауапкершілікке, бірін-бірі сыйлауға, отансүйгіштікке баулу. 

 Пәнаралық байланыс

өнер, АКТ

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылды.

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 мин

І Қызығушылықты ояту. Оқушылар суреттер арқылы тақырыпты болжайды. Сурет бойынша сөйлейді.

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлар түсіндіріледі, талқыланады.

http://el.kz кескіндемелері

Сабақтың ортасы

5 мин

10 минут

15 мин

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.

Талқылау сұрақтары:

  • Қандай қиял-ғажайып ертегілерді білесің?
  • Ертегілердегі қиялдың қайсы орындалды?

Тыңдалым тапсырмасы.

Мұғалім оқшыларға тыңдалым мәтінін дауыстап оқиды. Оқушылар тыңдап отырып, ғылыми ашылуларға қатысты тіркестер мен терминдерді жазып алады.

Кейін тыңдалым мазмұнын талқылайды.

2015 жылдың басты ғылыми жетістіктері

Адаміспеттес роботтар, өздігінен қозғалатын көліктер және күн энергиясымен қуаттанатын  ұшақтар – ғылыми фантастиканың атрибуттары 2015 жылда шындыққа айналды. Ғылым және техниканың бүгінгі жетістіктері туралы айтып отырып, соңғы кезде ойға келген нәрселердің қайсысы осылай жеңілдікпен өмірде өз орнын табады екен деп ойланасың. Марстағы колониялар, жасыл қалалар?

Жоба бойынша жұмыс 2004 жылы басталған болатын. 2007 жылы NAO тұңғыш рет робофутболдан RoboCup Standard Platform League (SPL) сайысына Sony компаниясының Aibo итінің орынан қатысады. Робот қазіргі таңда әлемнің университеттерінде білім беру мақсаттарында қолданылып жүр.

2011 жылы Google компаниясы Невада штатындағы жалпы қолданыстағы жолдарда пилотсыз көліктерге қозғалысқа рұқсат беретін заңды лоббиледі. Ал 2012 жылы автопилот функциясы бар көліктердің жүруіне Калифорния штатында рұқсат берілді.

Компанияның штаб-пәтері орналасқан Калифорниядағы Маунтин-Вью қаласында қазіргі таңда өздігінен басқарылатын 20 көлік қолданыста. 2015 жылдың 1 шілдесінде Google пилотсыз көлігі бірінші рет жол көлік апатына ұшырады. Көлікте болған компания қызметкерлері мен гугломобильдің артынан келіп түйіскен Lexus көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақаттар алды.

Франциялық инженер әрі скрипач Лоран Бернадак 3Dvarius скрипкасында ойнауда. 3Dvarius SLA-принтерде басылып шыққан аспап. Стереолитография әдісі арқылы 3D-принтерде басылып шыққан скрипка сұйық фотополимерлерден жасалды.  Бірегей мөлдір скрипканың дизайны Страдиваридің классикалық скрипкасы негізінде жасалды. 3Dvarius жасап шығаруға бірнеше сағат қана кеткен.

Роботтанған протездер уақыт өте келе жетіле түсуде. Соңғы нұсқалары адамға күнделікті жұмысты жасауға мүмкіндік береді. Алайда протездердің құны қымбат қалпында қалуда. Сонымен қатар, Intel киюге арналған технология шығаратын компанияларға чиптер мен платформалар ұсынды.  Мысалы, чип The Quark SE SOC, Curie модулі.

Оқушылар жазып алған тіркестер мен термин сөздерді қолданып, «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы талқылау жүргізеді.

Дескриптор:

Мәтіннің идеясын түсінеді;

Тіркестер мен терминдерді қолданады;

Тақырыпты талдайды, идея айтады;

Диалогте ойын анық жеткізеді.

Мұғалім әр жұпты бақылап, кері байланыс береді.

http://el.kz/kz/news/archive/

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақтың соңында мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсатына қаншалықты қол жеткізгені туралы талқылайды.

Рефлексия

Бүгінгі жұмысыңыз туралы ойларыңызды түстер арқылы көрсетіңіздер.

Жасыл түс: өзіме ризамынҚызыл түс: көмекті қажет еттім Көк түс: жаңа ой салды, өзгертер едім (нені?)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу