ЭКСПО-2017 көрмесі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 4 сабақ


Мәтіндер

Тұтас мәтіндерТұтас емес мәтіндер

Тұтас мәтіндер – құрылымы бар, сөз, сөйлем, абзацтардан құралған мәтіндер.

Тұтас емес мәтіндерге кесте, сызбалар,суреттер, графиктер мен диаграммаларды жатқызамыз.

Пиза халықаралық бақылауында тұтас емес мәтіндерді оқуға ерекше назар аударылған. Себебі тұтас емес мәтіндер оқушының анализ жасау, ақпаратты өңдеу, маңыздысын ажырату секілді дағдыларын дамытады.

Оқу сауаттылығы бойынша PISA-2009 нормаларының негізгі категориялары

Мәтіндер

Құралдар/тәсілдер. Басылған мәтіндер ме немесе элоктронды ма?

  • Басылған мәтіндер
  • Электронды мәтіндер

Түрлері. Оқушылар қандай мәтіндерді оқуы керек?

  • Тұтас мәтіндерді (сөйлемдермен)
  • Тұтас емес мәтіндерді (мысалы, тізімдер)
  • Аралас мәтіндерді (тұтас және тұтас емес мәтіндерді араластыру)
  • Жиын мәтіндер (түрлі дереккөздерден алынған мәтіндер)

Мәтін типтері. Мәтіннің мақсаттары қандай?

  • Сипаттау
  • Хабарлау
  • Мазмұндау
  • Деректерін көрсетіп айту
  • Нұсқау беру
  • Айырбастау

Аспектілер. Мақсаты және оқырманға қандай тұрғыдан келеді?

  • Іздеу және табу: оқушылар мәтіннен қажет ақпаратты таба алады.
  • Кіріктіру мен талдап түсіндіру: оқушылар оқыған ақпараттарын қолдана біледі.
  • Ойлану мен бағалау: оқушылар оқыған ақпараттарынан шегініс жасап/алшақтап оны өз тәжірибесімен салыстыра алады.

Жағдаяттар. Автор көзқарасы тұрғысынан, берілген мәтіннің көздеген мақсаты қандай?

  • Өзіндік: мәтін Өзіндік қызығушылықтан оқылады.
  • Көпшілік алдында: мәтін оқырман зейінін қоғамдық мәселелерге аудару мақсатында жазылған.
  • Білім беру: мәтін білім беру саласында қолданылады.
  • Кәсіби: мәтінкәсіби жағдаяттарға арналған
    • Оқу дағдыларын тексеруге арналған мәтіндерді таңдау бойынша ұсыныстар
  • Оқу тіліндегі түпнұсқа материалдардын таңдауға тырысығыз; аудармалардан алшақ болған жөн.
  • Оқу құралдарынан алынған мәтіндерден аулақ болыңыз.
  • Оқытылып жатқан тілдің елі/елдері (немесе тұрғындары мен халқы) туралы мәтіндерді таңдаңыз.
  • Арнайы (тілден тысқары) білімді талап ететін мәтіндерді таңдамаңыз.
  • Алдын ала келесі тақырыптарды ашып тұратын мәтіндерді таңдамаңыз.
  • Сұрақтар қоюға элементтері жеткілікті болатын мәтіндерді таңдаңыз.
  • Емтихан тапсырушыға жағымсыз әсер ететін тақырыптағы мәтіндерді (өлім, айырылысу, бақытсыз жағдай және т.б.) таңдамаңыз.
  • Мазмұны тез ескіріп қалатын тақырыптағы мәтіндерді таңдамаңыз.
  • Мәтіндер емтихан тапсырушылардың қызығушылығына сай болу керек.
  • Мәтіндер ауызекі сөйлеу үлгілері мен нормадан тыс сөздер болмауы тиіс.
  • Мәтіннің күрделілігі, тақырыбы, стилі, синтаксисі мен лексикасы емтихан тапсырушылардың деңгейіне сай болуы тиіс.
  • Мәтін құрылымының логикалық желісі болуы керек.
  • Мәтіннің мазмұны айқын, түсінікті болып, басталуы, негізгі ойы, қорытындысы бар біртұтас болуы керек.
  • Мәтіндегі бас кейіпкерлер мен олардың қарым-қатынастары айқын сипатталған болуы керек (егер қажет болса, кіріспеде түсінік беріңіз).
  • Мәтінге берілетін иллюстрациялар (болған жағдайда) оқырманның назарын басқаға аудармай, мәтінді тереңірек түсінуге көмек болуы керек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу