Ғылым мен технология. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Қасымова Қ.Е

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Ғылым мен технология

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай

ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді

орынды қолданып, ойын анық жеткізеді.

 Бағалау критерийлері

 

  • Тыңдалым мазмұнын түсінеді;
  • Ұсынылған тіркестер мен терминдерді орынды қолданады;
  • Ойын анық, дәлелді жеткізеді.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Заманауи - жаңашыл, ерекше - өзгеше, өнертапқыш – ойлап тапқан адам, даму - ілгерілеу, өндіріс – өнеркәсіп, арттыру – көбейту, қондырғы -аппарат жабдығы, құрылғы - механизм

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тыңдалым және айтылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Бейнежазбаны үнсіз режимде тамашалау. Бейнежазбаны көріп болған соң сұраққа (бейнежазбаны көрген соң қандай сұрақ туды?) жауап беру.

Бейнежазба мазмұнын болжау.

Бейнежазба туралы пікірлермен бөлімге болжау жасалып, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлерін таныстыру, оқушылармен бірге талқылау.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

https://learningapps.org/display?v=ptv2ptvfa18

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіру. Оқушылар берілген сөздерді оқып шығады да, оларды мағынасы жағынан сәйкес келетіндерін айтып тұрады, мұғалім тінтуірдің көмегімен біріктіріп тұрады . Сөздерді біріктіріп болған соң, тексереді де дұрыс жауаптарды тінтуірдің көмегімен бір шетке ретімен қойып шығады. Дұрыс сәйкеспеген сөздерді қайта қарап, оларды бір-бірінен ажыратып, дұрыс нұсқасын жасайды, соңынан қайта тексеріп, дұрыс жауаптардың қатарына жинақтайды.

Мұғалім сөздерді дұрыс сәйкестендірген оқушыларды белгілеп отырады, соңынан олардың есімін және қанша сөзді дұрыс сәйкестендіргенін айтады. Ең көп әрі дұрыс сәйкестендіргендерге – кереметсіңдер, одан кейінгілерге – жарайсыңдар, соңғыларына – қап, әттеген-айлар деп айтады.

Сөздер мен сөз тіркестерін жазып алу.

Заманауи - жаңашыл, ерекше - өзгеше, өнертапқыш – ойлап тапқан адам, даму - ілгерілеу, өндіріс – өнеркәсіп, арттыру – көбейту, қондырғы -аппарат жабдығы, құрылғы - механизм).

Тыңдалым тапсырмасы

Видеоматериалды тыңдайды. Слайд 2

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дифференцация

  • топтағы оқушылар сұрақтардың дұрыс нұсқасын белгілейді.
  • топтағы оқушылар сұрақтардың дұрыс жауабын сөзбен жазады.

Инженерлік-техникалық сала көрмесі қайда өтті?

Астанада

Семейде (дұрыс жауап)

Өскеменде

Айтбек Кәкімов ойлап тапқан қондырғыны қай салада қолдануға болады?

нан өндірісінде

ет өндірісінде

сүт өндірісінде (дұрыс жауап)

Отандық өнертапқыш ойлап тапқан жаңа құрылғының ерекшелігі неде?

a. сүт ағзаға зиян нәрселерден тазартылады (дұрыс жауап)

b. сүтке адам ағзасына пайдалы дәрумендер қосылады

c. сүт өндірісін жақсартады

Ғалымдар ұсынып отырған жаңалықты қандай мақсатта қолдануға болады?

a. зерттеулер жасау үшін

b. дамыған елдерге сату үшін

c. шағын және орта бизнесті дамыту үшін (дұрыс жауап)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

«Пазл» әдісі негізінде оқушылар топпен тапсырмаларды орындайды, детальді дисскуссияға түседі. «Пазл» әдісі төмендегі ретпен жүзеге асады.

Мұғалім тапсырмаларды А4 түрлі түсті қағазынан пазл қиындыларын дайындап, оқушыларға таратады.

Оқушылар сыныпты аралап, пазлды жинап, топтарға бөлінеді.

Пазлды құрастырғасын тапсырманы оқып, командамен орындауға кіріседі.

  • Тақырып: технология және ғылым.
  • Технология мен ғылымға жеке жеке кем дегенде төрт мысалдан келтіріңіздер.
  • Қазақстанда технологиялар мен ғылымдардың дамуы туралы ой бөлісіңіздер.
  • Ғылыми-технологиялық көрмелерді ұйымдастырудың үш маңызды жағын белгілеңіздер.

Мұғалім тапсырманы орындау регламентін белгілейді.

Тапсырманы постер форматында орындап болған соң, топтар сыныпта таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап береді. Топтар бір-бірін өзара дескрипторлар арқылы бағалайды.

Бағалау критерийі:

Дескрипторлар

Сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып,ойын анық жеткізеді.

Сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді

орынды қолданады

Ойын анық жеткізеді

Сұрақтарға жауап береді

https://learningapps.org/display?v=ptv2ptvfa18

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу