Биотехнология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ


 

 Биотехнология саласындағы жетістіктер

 Қазақстанда биотехнология саласы жақсы дамып келеді. Мысалы Отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оны медицина мен биологияда қолдануға болады. оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін болады. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары екі жылдай шұғылданды. Бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бірнеше ғана ғылыми топ айналысады.

 Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогі ауыл шаруашылығы саласына арналған. Мысалы, ғалымдар бактериалды ген егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі.

 Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын да биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз. Олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады.

 Орталықтың басты міндеттерінің бірі – осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру. Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық жаңалықтарды ашуға дайын.

Тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша, детальді ақпаратты анықтап жазыңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Детальді ақпарат

Дескриптор

  • Мәтін мазмұнын түсінеді
  • Мәтінен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мәтіндегі мәселеге үш кейіпкердің (ғылыми жоба жазып жүрген оқушы, дәрігер, жобаға қаржы бөлген демеуші) атынан пікір білдіріңіз.

«пайым, бизнес көзі, төтеп беру, қанаттандырады, қамтамасыз ету, серпіліс» сияқты сөздерді қолдану талап етіледі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу