Биотехнология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері | Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Ыбраш А.С. | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Биотехнология жетістіктері | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды Пікір білдіреді | |||||||
Бағалау критерийлері
| Мәтін мазмұнын түсінеді Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды Пікір білдіреді | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқылым мен айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: | |||||||
Құндылықтар | Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу Жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру | |||||||
Пәнаралық байланыс | Биология | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
5 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі Оқушыларға «Қазақстандық ғалымдардың жетістіктері» туралы видеоматериал көрсетіледі: https://www.youtube.com/watch?time_continue=213&v=x7LGan1eEWI Мұғалім оқушыларға осы видеоматериалға берілген комментарийді оқиды: Осы жоба болашақта жемісін берсе,шетелдіктер де тәжірибелерімен бөліссе! Одан әрі сынып оқушылары өз комментарийлерін береді. Мұғалім оқушылардың ойын түйіндеп, сабақтың тақырыбымен, бағалау критерийлерімен таныстырады. | Таныстырылым https://www.youtube.com/watch?time_continue=213&v=x7LGan1eEWI http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/85290-n-r-lemde-aza-standy-alymdardy-zhetistikteri-ojyl-an | ||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға негізгі, қосымша, детальді ақпарат туралы қысқаша түсінік береді.
Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға мәтін таратылады. Олдар мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға дәптерге жауап береді (жеке жұмыс) Биотехнология саласындағы жетістіктер Қазақстанда биотехнология саласы жақсы дамып келеді. Мысалы Отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оны медицина мен биологияда қолдануға болады. оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін болады. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары екі жылдай шұғылданды. Бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогі ауыл шаруашылығы саласына арналған. Мысалы, ғалымдар бактериалды ген егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі. Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын да биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз. Олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру. Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық жаңалықтарды ашуға дайын. Тапсырма Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша, детальді ақпаратты анықтап жазыңыз. Дескриптор
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылардан «пайым, бизнес көзі, төтеп беру, қанаттандырады, қамтамасыз ету, серпіліс» сияқты сөздерді қолдану талап етіледі Қазіргі таңда қай салаға ғылым мен технология жетістіктері керек деп ойлайсың Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың деңгейлеріне қарай өзара дәптерлерін алмастырады. Оқушылар бір-бірінің жұмысымен танысады, бағалап, жазбаша комментарий береді. | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан түйгендері бойынша ой қорыту
| |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?