Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 10 сабақ


 Менталды карта

 Шектеулі уақыт ішінде ауқымды оқу материалын меңгеру үшін ақпаратты жинақтап, жүйелеп алу қажет. Осы мәселені шешуде оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдер көмектеседі. Ақпаратты жинақтау мен жүйелеудің жаңа тәсілдерінің бірі – ментальді карталар болып табылады. Шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін, ойлау қабілетін дұрыс ұйымдастыру және есте сақтау қабілетін дамытуға зор үлес қосатын «Ой картасы» тәсілінің авторы, психолог –Тони Бьюзен. Ол алғашқы болып өмірдің түрлі салаларында бейнелерді қолданудың рөлін көрсетті. Кеңістіктегі көрнекілік модельдері оқыту саласында да соңғы уақытта белсенді пайдаланылып жүр. Олар көбінесе әртүрлі схема, карта, сызба, график түрінде бейнеленеді.

 Ментальді карталар (Mind Mapping) — схема, сызбалардың көмегімен білімді жинақтаудың жолы; бұл ақпаратты ерекше графикалық түрде бейнелеу. Адамның ойлау құрылымына сәйкес болғандықтан, ментальді карталар мәтіндер, тізімдер, кестелер мен графиктерге қарағанда жақсырақ қабылданады. Ментальді карталар кестелер мен графиктерге балама таңдау емес, олар тек оны толықтырушы. Аталмыш тәсіл біржақты ғана ойлаудан көпқырлы ойлауға көшуге мүмкіндік береді.

  Бір қарағанда ментальді карта қарапайым, барлығына таныс, күнделіктер мен каталогтарда жиі көретін жүйе ретінде көрінуі мүмкін. Бір жағынан, ой картасы біздің миымызға тән ойлау құрылымын көрсетеді. Тәсілдің жаңашылдығы – ақпаратты визуалды түрде ұсыну, ақпаратты сөзбен емес, бейнелермен және әртүрлі түстерді қолдану арқылы жетізу. Тони Бюзен бірнеше түсті қолдану – ақпаратты жүйелендіруде тамаша құрал деп есептейді, өйткені түрлі түстер арқылы бір нәрселерге үлкен акцент түсіруге, ал маңыздылығы төмендерге керісінше. Ақпаратты деректер базасына, каталогтар мен файлдарға енгізуге қарағанда ментальді карта құру анағұрым қызығырақ және пайдалырақ. Кез-келген есте сақтауға, талдауға қажет идея, оқиға немесе фактілерді оңай ментальді картаға түсіруге болады.

 Тони Бьюзен – білім беру мен оқыту, басқа да салаларда ментальді карта құрудың тәсілін ойлап тапты. Ментальді картаның қолданылу аясы: оқыту, есте сақтау; таныстырылым жасау; жоспарлау; миға шабуыл (жаңа идеялардың пайда болуы, шығармашылық, қиын тапсырмаларды топ болып бірлесе шешу); қиын жағдайда шешім табу.

 Оқыту мен оқуда ментальді карталар анық және түсінікті конспект, реферат, ғылыми-зерттеушілік жобаларды құрау үшін қажет.

 Ой картасын таныстырылым жасауда қолдану аз уақыт ішінде ауқымды ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қоса білім алушылар материалды жақсырақ түсініп, қабылдайды. Ментальді картаның құрылымы топ алдында сөйлеушіге кез-келген уақытта өзінің бағытын еш қиындықсыз еркін өзгертуге мүмкіндік туғызады. Ментальді карталар барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді талдап, нәтижесінде ақылға салынған байыпты нәтиже алуға көмектеседі. Ментальді карта жаңа білімді меңгертуде төмендегідей мүмкіндіктер береді:

 1. Қиын түсініктер жүйенің бір бөлшегі ретінде оңай түсіндіріледі. Негізгі ақпараттарды анығырақ түсінуге және ақпараттар арасындағы байланысты көруге көмектеседі. Сонымен қатар, ең маңызды ақпараттарды назардан тыс қалдыру немесе негізгі түсініктерді қате талдау мүмкіндігі төмендей түседі.

 2. Оқылған материалды бекіту кезінде негізгі түсініктер мен ақпараттардың байланысын түсіну және есте сақтау жеңілдей түседі.

 3. Қорытынды бағалау кезінде ментальді картаны қолдану мұғалімге оқушының білімін бағалауға, оқушының қандай бағытта қиындықтары бар екенін анықтауға, соның нәтижесінде әрекет етуге көмектеседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу