Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 10 сабақ
І. Тапсырма ЖЖ
- Берілген мәтінді оқыңыз.
- Графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырыңыз;
1-оқушының мәтіні
Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады.
ІІ. Тапсырма ЖЖ
- Берілген мәтінді оқыңыз.
- Графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырыңыз;
2-оқушының мәтіні
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деп аталатын арнайы тармақ бар. Президенттің Жолдауында Қазақстанның аграрлық саясаты еңбек өнімділігін арттыруға әрі өнім экспортын молайтуға бағытталуы қажет екендігі айтылған. Яғни, ұлан-ғайыр алқапқа дәнді себе салып, одан кейінгісін Құдайға тапсыратын, жаңбыр жаумаса, тасаттық беретін көне түсінік бүгінгі агроөнеркәсіп кешеніне жарамсыз болып тұр. Алқаптан орылған дәннің дастарқанға нан болып қойылуына дейінгі процесті технология бақылайтын заман қазір. Сондықтан ғылым мен технологияның осы жаңалықтарына ілесуіміз қажет. Президенттің «Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет» дегені содан. Әрі алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырғаны да саланы бәсекеге қабілетті қылу мақсатын көздеуден туындаса керек. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуы тағы да сол заманауи технологияны игеруімізге байланысты болып тұр.
https://aikyn.kz/2018/03/20/46545.html
ІІІ. Тапсырма
Жұпта графиктік мәтіндерін түсіндіреді.
- Жұпта дескриптор арқылы бір-бағалайды.
Тапсырма дескрипторы:
Мәтінді оқып түсінеді | |
Графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастырады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?