Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Бөлімнің тақырыбы:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уиткыбаева Н.Б

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғылым мен технология жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.3.1.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

 Сабақтың мақсаттары

Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

 Бағалау критерийлері

Берілген мәтіннен деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады;

 Құндылықтарды игерту

Жалпы адамзаттық құндылықтар

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдегі тапсырмалар арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Сұрақ

Соңғы кезде жаңа технологияға байланысты қандай жаңалықтарды білесіз ?

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып, оларды тыңдайды.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады, бірге талқылайды

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

Мағынаны тану

І. Тапсырма ЖЖ

  • Берілген мәтінді оқыңыз.
  • Графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырыңыз;

Мұғалім жұптағы оқушыларға екі түрлі мәтінді ұсынады. Оқушылар оқып, графиктік мәтінге түсіреді. Мәтінді кесте, менталды карта түрінде ұсынуға болады.

1-оқушының мәтіні

Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады.

ІІ. Тапсырма ЖЖ

  • Берілген мәтінді оқыңыз.
  • Графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырыңыз;

2-оқушының мәтіні

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деп аталатын арнайы тармақ бар. Президенттің Жолдауында Қазақстанның аграрлық саясаты еңбек өнімділігін арттыруға әрі өнім экспортын молайтуға бағытталуы қажет екендігі айтылған. Яғни, ұлан-ғайыр алқапқа дәнді себе салып, одан кейінгісін Құдайға тапсыратын, жаңбыр жаумаса, тасаттық беретін көне түсінік бүгінгі агроөнеркәсіп кешеніне жарамсыз болып тұр. Алқаптан орылған дәннің дастарқанға нан болып қойылуына дейінгі процесті технология бақылайтын заман қазір. Сондықтан ғылым мен технологияның осы жаңалықтарына ілесуіміз қажет. Президенттің «Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет» дегені содан. Әрі алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырғаны да саланы бәсекеге қабілетті қылу мақсатын көздеуден туындаса керек. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуы тағы да сол заманауи технологияны игеруімізге байланысты болып тұр.

https://aikyn.kz/2018/03/20/46545.html

ІІІ. Тапсырма

Жұпта графиктік мәтіндерін түсіндіреді.

  • Жұпта дескриптор арқылы бір-бағалайды.

Тапсырма дескрипторы:

Мәтінді оқып түсінеді

Графиктік мәтін (кесте, менталды карта) құрастырады

Сабақтың соңы

5 минут

Мұғалім бағалау критерийлеріне қайта оралып, оқушылардың қаншалықты қол жеткізгендерін бірге талқылайды

Рефлексия

Оқушылар сабақта өздерін қалай сезінгендері туралы нысанаға стикерлерді жабыстыру арқылы кері байланыс береді

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Әрбір топ бірі-бірінің шешімдеріне әділ баға бере білді. Жоспарлаған уақыт сәйкес келді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу