Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 5 сабақ
Тиімді тыңдалым əдіс-тəсілдері
Кез келген басқа дағдыдағы сияқты, тыңдалымның мақсаты айқын анықталуы тиіс. Бұл оқушыларға қысқа мерзімді жадыда сақталатын ақпараттың көлемін кеміте отырып, тыңдалған нəрсенің белгіленген мақсатқа қатысы бар бөлігін таңдауға көмектеседі.
Оқушылар тыңдалымның мақсатын білгеннен кейін, олар ең бір лайықты əдіс-тəсілдерді таңдап, оларды интербелсенді режімде икемді пайдалана алады. Мағынаны құру үшін бір уақытта əртүрлі əдіс-тəсілдер қолданылғанда, түсіну жақсарады жəне сенімділік артады.
Мұғалімдер оқушылардың түсінгенін тыңдалым кезінде жəне тапсырма аяқталған соң тексеруі тиіс. Бұл мұғалімге оқушылардың қате түсінген жерлері бар ма екенін анықтауға көмектесіп, əртүрлі əдіс-тəсілдерді пайдалануға жетелейді.
Тыңдаушыға негізделген əдіс-тəсілдер
Тыңдаушы тақырып, жағдай немесе мəнмəтін, мəтіннің не тілдің түрі туралы
бастапқы білімін барынша қолданады. Осы бастапқы білім тыңдаушыға тыңдағандарына түсініктеме беруге жəне əрі қарай не болатынын күні бұрын білуге көмектесетін болжалдарды жандандырады:
• Негізгі идеяны ұғыну үшін тыңдау
• Болжау
• Қорыту
• Қорытынды шығару.
Мəтінге негізделген əдіс-тəсілдер
Тыңдаушы хабарламаның тіліне, яғни белгілі бір мəн беріп тұрған дыбыстардың, сөздердің қолданысына жəне грамматикаға сүйенеді:
• белгілі бір мəселелерді ұғыну үшін тыңдау;
• төркіндес сөздерді анықтау;
• сөздер орналасу ретін анықтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?