Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ
І. Оқылымалды тапсырма Ж
Берілген сұраққа жауап беріңіз.
- Компьютердің қандай пайдасы бар?
- Компьютердің зиянын білесіздер ме?
ІІ Оқылым тапсырмасы
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Үш сұрақ құрастырыңыз.
Оңтүстік Кореяда қанша адамның «компьютерлік ессіздік» дертіне шалдыққаны белгісіз. Бірақ неврологтар арасында компьютерлік өнімдердің денсаулыққа залалы туралы қызу пікірталас өршіп тұр.Германиядағы Ульм университеті психиатрия кафедрасының меңгерушісі Манфред Шпитцер «компьютерді шамадан тыс пайдалану бала миының жетілуіне кері әсерін тигізеді» деген пікірді қолдайды.«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымы.Өткен жылы «Цифрлық ессіздік» («Digital Dementia») атты зерттеу кітабын шығарған Шпитцердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің миы ерекше жұмсақ, нәзік болып келеді. Нейрон жолдары адамның сәби кезінде қалыптасады да, есейгенде сол қалпында қалып қояды.Сондықтан, баланың миы шынайы қоғамдық ортамен қарым-қатынас жасау арқылы өмірге бейімделуі керек. «Бала табиғи физикалық кедергілерден өтіп, кәдімгі өмірдегі түрлі мәселелерді шешіп дағдылануы керек» дейді Шпитцер. Оның айтуынша, виртуалды әлем бала миының толық дамуына мүмкіндік бере алмайды.
ІІІ. Оқылымнан кейінгі тапсырма
Тапсырма
Кестені толтырыңыздар
Мәтінде көтерілген мәселені жазыңыз | Мәтіндегі негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат | Сіздің көзқарасыңыз қандай? |
Тапсырма дескрипторы:
Үш сұрақ құрастырды және жауап берді | |
Мәтінде көтерілген мәселені жазады | |
Мәтіндегі негізгі ақпарат | |
Қосымша ақпарат | |
Өзіндік көзқарасын білдірді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?