Ғылым мен технология жетістіктері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім атауы: Ғылым мен технология жетістіктері САБАҚ: | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Уиткыбаева Н.Б | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғылым мен технология жетістіктері | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінде көтерілген мәселені анықтау; Сұрақ құрастыру | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Бірін-бірі тыңдайды, құрметтейді; Жалпыадамзаттық құндылықтар | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша... | |||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды | |||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту
«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымдары. Осы пікірмен келісесіз бе? Көзқарасыңызды білдіріңіз. Оқушыларға сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін мұғалім таныстырады, бірге талқылайды. | http://aitaber.kz/blog/qyzyqderek/4257.html | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 10 минут 5 минут | Мағынаны тану Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.Оқушылар жұпта талқылап, жауап береді. І. Оқылымалды тапсырма Ж Берілген сұраққа жауап беріңіз.
ІІ Оқылым тапсырмасы Тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Үш сұрақ құрастырыңыз. /Жұптар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді./ Оңтүстік Кореяда қанша адамның «компьютерлік ессіздік» дертіне шалдыққаны белгісіз. Бірақ неврологтар арасында компьютерлік өнімдердің денсаулыққа залалы туралы қызу пікірталас өршіп тұр.Германиядағы Ульм университеті психиатрия кафедрасының меңгерушісі Манфред Шпитцер «компьютерді шамадан тыс пайдалану бала миының жетілуіне кері әсерін тигізеді» деген пікірді қолдайды.«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымы.Өткен жылы «Цифрлық ессіздік» («Digital Dementia») атты зерттеу кітабын шығарған Шпитцердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің миы ерекше жұмсақ, нәзік болып келеді. Нейрон жолдары адамның сәби кезінде қалыптасады да, есейгенде сол қалпында қалып қояды.Сондықтан, баланың миы шынайы қоғамдық ортамен қарым-қатынас жасау арқылы өмірге бейімделуі керек. «Бала табиғи физикалық кедергілерден өтіп, кәдімгі өмірдегі түрлі мәселелерді шешіп дағдылануы керек» дейді Шпитцер. Оның айтуынша, виртуалды әлем бала миының толық дамуына мүмкіндік бере алмайды. ІІІ. Оқылымнан кейінгі тапсырма Тапсырма Жұпта мына кестені толтырыңыздар
Тапсырма дескрипторы:
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 | Рефлексия. Бүгінгі сабақтан түйгендері бойынша ой қорыту
Мұғалім бағалау критерийлері мен оқу мақсатына қайта оралып, қаншалықты қол жеткізгенін талқылайды. | |||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?