Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ
Оқылым алдындағы тапсырма
- Интернетті қандай мақсатта қолданасың?
- Күніне неше сағат уақытыңды интернетте өткізесің?
- Интернеттен көбіне қай тілде ақпарат аласың?
- «қазақ тілді сайттар, қазақ тіліндегі мәліметтер интернетте өте аз» деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады, оқушылар:
1) пікірлерді оқиды
2) әр жұп 1 пікірді түсіндіреді
3) көтерілген мәселеге қатысты өз пікірлерін жазады. (2-3 сөйлем)
Оқылым мәтіні
Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі
Руслан Сырымұлы, блоггер: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келеді, алайда әзірге мемлекет пен қоғам күшінің бірігуі жоқ. Осы мәселе қазақ тіліндегі қорларға жаңа сапалы деңгейге өтуге мүмкіндік бермей отыр. Интернет белсенділері техникалық аспектіге сенеді, журналистік өкілдер көп терминнің аудармасына күмәнмен қарайды. Қоғамдық ұйымдар Қазнетті талдауда үлкен жұмыс атқаруда, бірақ көбінесе ол елеусіз қалады.
Асхат Еркімбай, «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығының жетекшісі:«Ия, Қазнетте қазақ тіліндегі веб-қорларды белсенді дамытуға күресіп жатқан адамдар бар. Бірақ, меніңше ортақ жұмысты синхрондау үшін бейресми ұйым құру қажет. Сондай-ақ, қазақ тілінде қажетті және сапалы контентті жасаумен өз бетінше айналысып отырған адамдар үшін қаржылық және техникалық көмек қарастырылу тиіс.
Айдос Сырым, «Абай-ақпарат» ҚҚ вице-президенті (www.abai.kz): Жеке өзімнің пікірімше, Қазнет болашақта қазақ тілінде таратылады, әсіресе, латын графикасында көрініс табатын болады. Қазақ интернеті көтерілу үстінде, сапасы және саны жағынан тек өсе беретін болады.
Жарқын Түсіпбекұлы, АТ маманы:
Қазақ тілді ғаламтор – бұл орыс тіліндегі Казнетті ауыстыруға бағытталған әлеуметті ірі жоба. Соңғы екі жылда қазақ тіліндегі сайттар мен жаңа жобалар көптеу пайда болды. Қазақ интернетінің проблемалары тілдің дамуы мен жалпы мемлекеттік саясаттың үлкен проблемаларымен байланысты. Тағы бір мәселе- бүгінгі күнге дейін қазақ интернеті тіл мен мәдениет жанашырларының ісі болған.
Қай кезде қазақ интернеті қызығушылықтан бизнеске айналады? Меніңше бұл үш және бес жыл аралығындағы мерзім. Қазақ интернеті көп нәрседен кешікті.
Руслан Минулин, Қазақстан жастары МедиаОдағы жобасының үйлестірушісі: «Қазақ тіліндегі сайттардың мақсатты аудиториясы жоқ. Ауылдық балалардың Интернетке қолы жетпейді. Адамдардың көп уақыты Одноклассник (сыныптас), М-Агент, Skype және т.б. әлеуметтік желілерге жұмсалады. Сондықтан мәселені шешуді осылардан бастау керек.
Сұрақ құрау.
Оқушылар оқылым мәтініндегі пікір білдірушілерге бағыттап, нақтылау сұрақтарын қояды.
Нақтылау сұрақтарын құрауда төмендегі шаблондарды негізге алуға болады.
"Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша …?", "Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?", "Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?" Демек....? Осындай пікірде болуыңызға не әсер етті...?
Бaғaлaу критeрийі | Дeскриптор Оқушы: | + | ||
О5. Мәтіннeн нeгізгі жәнe қосымшa aқпaрaтты, көтeрілгeн мәсeлeні aнықтaуғa бaғыттaлғaн нaқтылaу сұрaқтaрын құрaстыру. |
| |||
|
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Көтерілген тақырып аясында сыни пікір жазыңыз. (80-100 сөз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?