Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері | Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Бешімбаева Қ.Е | |||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды. Нақтылау сұрақтарын құрайды. Көтерілген мәселе қатысты сыни пікір білдіреді. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шешім, бейресми, қаржылық көмек, қызығушылық, үйлестіруші, әлеуметтік желі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жүзеге асады, күмәнмен қарау, елеусіз қалу, тіл жанашыры, бірігу, қазақ тілді ғаламтор | |||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
| |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | «Интернетсіз бір күнім». Мұғалім оқушыларға интернетсіз күнді қалай өткізетіндері туралы ойлануды тапсырады. Оқушылар интернетсіз күндерін қалай өткізетіндерін әңгімелеп айтып береді. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады. Оқушылармен бірге талқылайды. | Таныстырылым | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 10 минут 5 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды. Оқушылар жұпта талқылап, жауап береді.
Оқылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады, оқушылар: 1) пікірлерді оқиды 2) әр жұп 1 пікірді түсіндіреді 3) көтерілген мәселеге қатысты өз пікірлерін жазады. (2-3 сөйлем) Оқылым мәтіні Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі Руслан Сырымұлы, блоггер: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келеді, алайда әзірге мемлекет пен қоғам күшінің бірігуі жоқ. Осы мәселе қазақ тіліндегі қорларға жаңа сапалы деңгейге өтуге мүмкіндік бермей отыр. Интернет белсенділері техникалық аспектіге сенеді, журналистік өкілдер көп терминнің аудармасына күмәнмен қарайды. Қоғамдық ұйымдар Қазнетті талдауда үлкен жұмыс атқаруда, бірақ көбінесе ол елеусіз қалады. Асхат Еркімбай, «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығының жетекшісі:«Ия, Қазнетте қазақ тіліндегі веб-қорларды белсенді дамытуға күресіп жатқан адамдар бар. Бірақ, меніңше ортақ жұмысты синхрондау үшін бейресми ұйым құру қажет. Сондай-ақ, қазақ тілінде қажетті және сапалы контентті жасаумен өз бетінше айналысып отырған адамдар үшін қаржылық және техникалық көмек қарастырылу тиіс. Айдос Сырым, «Абай-ақпарат» ҚҚ вице-президенті (www.abai.kz): Жеке өзімнің пікірімше, Қазнет болашақта қазақ тілінде таратылады, әсіресе, латын графикасында көрініс табатын болады. Қазақ интернеті көтерілу үстінде, сапасы және саны жағынан тек өсе беретін болады.
Жарқын Түсіпбекұлы, АТ маманы: Қазақ тілді ғаламтор – бұл орыс тіліндегі Казнетті ауыстыруға бағытталған әлеуметті ірі жоба. Соңғы екі жылда қазақ тіліндегі сайттар мен жаңа жобалар көптеу пайда болды. Қазақ интернетінің проблемалары тілдің дамуы мен жалпы мемлекеттік саясаттың үлкен проблемаларымен байланысты. Тағы бір мәселе- бүгінгі күнге дейін қазақ интернеті тіл мен мәдениет жанашырларының ісі болған. Қай кезде қазақ интернеті қызығушылықтан бизнеске айналады? Меніңше бұл үш және бес жыл аралығындағы мерзім. Қазақ интернеті көп нәрседен кешікті. Руслан Минулин, Қазақстан жастары МедиаОдағы жобасының үйлестірушісі: «Қазақ тіліндегі сайттардың мақсатты аудиториясы жоқ. Ауылдық балалардың Интернетке қолы жетпейді. Адамдардың көп уақыты Одноклассник (сыныптас), М-Агент, Skype және т.б. әлеуметтік желілерге жұмсалады. Сондықтан мәселені шешуді осылардан бастау керек. Сұрақ құрау. Оқушылар оқылым мәтініндегі пікір білдірушілерге бағыттап, нақтылау сұрақтарын қояды. Нақтылау сұрақтарын құрауда төмендегі шаблондарды негізге алуға болады. "Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша …?", "Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?", "Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?" Демек....? Осындай пікірде болуыңызға не әсер етті...?
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар көтерілген тақырып аясында сыни пікір жазады. (80-100 сөз) | http://www.iak.kz/kk/projects/kazakhskiy-yazik-v-internete/problems-kazakh-language/ | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. | |||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды