Болашақта әлем қалай өзгереді? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері | Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Бешімбаева Қ.Е | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Болашақта әлем қалай өзгереді? | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,өмірбаян құрастырып жазу | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Өмірбаян құрап жазады Болашақта әлемнің қандай болатыны туралы болжам жасайды. | |||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Өмірбаян, қоғамдық-саяси өмірбаян, автобиографиялық өмірбаян Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: | |||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу, ашықтық | |||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдердегі тапсырмалар арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
5 минут | «Қиял немесе шындық» Мұғалім оқушыларды шеңбер құрап тұрғызады да қиялға беріліп, болашаққа қатысты бірнеше болжам жасайды. Оқушылар тыңдап, болашақты осы қиялдың жүзеге асатыны немесе аспайтыны туралы ой айтады. Мысалы: Адамдар марста өмір сүре алады Ұшатын автокөліктер болады Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырады. | Таныстырылым | ||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 5 минут 15 минут | Жазылымға дайындық. «Мен роботпын», «Мәңгіліктің ақыры» сияқты ғылыми фантастикалық туындылардың авторы Айзек Азимов 1964 жылы Нью-Йорктегі дүниежүзілік көрмеге қатысады. Көрме 20-ғасырдың басындағы электрлік құрал-жабдықтарға арналды. Осыдан кейін Азимов «50 жылдан кейін адамзат дамуында қандай өзгерістер болады?» деген сауал төңірегінде ойланып, «2014 жылғы дүниежүзілік көрмеге шолу» атты эссе жазады. 3D-фильмдер, сымсыз тұрмыстық жабдықтар, жүргізушісіз жүретін көліктер, бейнелік экран арқылы қоңырау шалып, кітап оқу, құжат қарау сияқты жорамалдары шынымен жүзеге асты.Алайда әлі де қиял қалпында қалған болжамдары да бар. Азимов «2014 жылы адамдардың көбі жердің беткі қабатын ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер астында немесе суда тіршілік етеді. Ал роботтар бау-бақшаны күтіп-бағады» деген еді. Ол «ұшып жүретін автокөліктер жасалады» деген де болжам айтқан. Мұғалім оқушыларға мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, алдағы елу жылда адам өмірінде қандай өзгерістер болатынын болжап, жұпта талқылайды. Шеңбер бойына отырып, болашақты қалай елестетіндіктерін айтады. Жазылым тапсырмасы. Шығармашылық жазылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға 2070 жылда өмір сүретін кейіпкерді ойлап тауып, соның атынан өмірбаян жазады. Мұғалім оқушыларға өмірбаянның құрылымы туралы түсінік береді. Оқушылар стильдік және жанрлық ерекшелігіне сай, құрылымын сақтап, өмірбаян жазады. Дескриптор
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 1. Құжаттың аты (өмірбаян) 2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері 3. Ұлты 4. Білімі, оқыған оқу орындары 5. Қоғамдық-саяси қызметі 6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет 7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс. Өмірбаянның 3 түрі 1)Қоғамдық-саяси өмірбаян- көркем әдебиет стилі-3- жақта баяндалады; 2)Автобиографиялық өмірбаян –көркем әдебиет стилі 1-жақта баяндалады; 3)Жеке өмірбаян - ресми ісқағаздар стилі,1- жақта баяндалады. | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?