Ұялы телефондар. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С. | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Ұялы телефондар | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.1 әлеуметтік- мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Тыңдалымдағы көтерілген мәселені талдайды Көтерілген мәселеге қатысты пікір білдіреді | |||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Ұялы телефон,сымсыз байланыс, қоңырау ,ең көп сатылым,тұтынушы, қалта шамы,хабарлама, телефон қуаты | |||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық, өмір бойына оқу | |||||||
Пәнаралық байланыс |
| |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тыңдалым және айтылым дағдысы алдыңғы бөлімдерде дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
5 минут | Тапсырма. сөйлемдерді тыңдап, дұрыс бұрысын анықтаңыз. Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар тыңдап тұжырыммен келіссе, қол шапалақтайды, келіспесе үнсіз қалады
Сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырады. Бірлесе талқылайды. | Таныстырылым | ||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 10 минут 5 минут 10 минут | Тыңдалым алды тапсырма. Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар талқылап, жауап береді. Жұптық талқылау.
Тыңдалым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға бейнематериалды тыңдатады. Оқушылар тыңдап, «шын немесе жалған» тапсырмасын орындайды Нақты ақпаратты анықтау. «Шын немесе жалған» тапсырасы. Ұялы телефонның көмегімен алғаш қоңырау жасаған Мартин Купер________ Әлемдегі ең көп сатылымға ие телефон – iphone________ Алғашқы смартфонның салмағы 500 гр ________ Ең қымбат телефон алтыннан жасалған ________ «Номофобия» - өз телефонын жоғалтып алудан қорқу түрі__________ Тувин аралдарында мобильді байланыс мүлдем жоқ ____ Нокиа телефонының танымалдылыққа ие болуы оның ішіндегі жылан ойынының болуында __________ Смартфон нарығы Тувин аралдарында жылдам өсуде __ Оқушылар тыңдалым көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді. Тыңдалымдағы ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіру. Неліктен iphone телефоны көпшіліктің сұранысына ие? Ең қымбат телефонның артықшылығы неде деп ойлайсың? Ұялы телефондардың экологияға зиянды екені белгілі? Бұл мәселені қалай шешуге болады? Номофобияны ауру түріне жатқызуға бола ма? Оны болдырмаудың жолдарын ұсынып көр. Тувин аралдарының тұрғындары техникасыз-ақ бақытты деген пікірге көзқарасың. Сол аралдың тұрғыны болғың келе ме? Сен үшін қызықты болған ақпарат? Неліктен? Дескрипторлар.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Мұғалім тыңдалымнан соң оқушыларға шығармашылық тапсырманы ұсынады. Жұптық тапсырма. «Ұялы телефонның монологы» Егер телефон сөйлей алатын болса, иесіне нені айтар еді? Мүмкін өзінің шаршайтынын немесе оны көп құлатқанын, мүмкін оған мүлдем демалыс бермейтінін айтатын шығар. Жұпта телефонның монологын құрап, ұялы телефонның диктафонына «Телефонның монологын» жаз. Дескриптор.
| https://www.youtube.com/watch?v=NXgtVea0ZGw Біле жүріңіз. | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?