Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 13 сабақ


Оқылым

 Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз.

 Оқылымның ішкі дағдылары:

 Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

 Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу.

Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

 Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

 Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

 Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

 Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ (листовка), хабарландыру, т.б.

 Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

 Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

 Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

«Төрт тілдік дағды арқылы белсенді оқыту тапсырмалары» оқу-әдістемелік құралынан алынды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу