Робот. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 14 сабақ


Оқылым алдындағы тапсырма.

  • Аузыекі сөйлеу дегенімізді қалай түсінесіз? Бұл сөйлеу түрінде сөйлеуші қандай сөздерді қолданады?
  • Көркем сөйлеу дегенді қалай түсінесіз? Бұл сөйлеу түрінде сөйлеуші қандай сөздерді қолданады?

Оқылым тапсырмасы.

1 тапсырма.

Мәтінді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің қайсы аузыекі сөйлеу, қайсы көркем сөйлеуге жататынын анықтаңыз.

1-мәтін.

Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді көзді ашып-жұмғанша орындайтын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады.

2-мәтін.

Бірде менен бір журналист: «роботтар адамдардың орнын баса ала ма?» - деп сұрады.

-«Әрине, жоқ» - дедім.

Менің ойымша, құлтемір адамның орнын ешқашан баса алмайды. Роботтар көптеген элементарлық дүниелерді білмейді. Әлі күнге дейін 5 жасар баланың интеллектісін алмастыратын бағдарлама жоқ. Олардың көбісі мылқау. Олар қарапайым үстелді танымайды. Роботтар мусор жинап, машинаға тией алмайды. Ауыр жұмыстарды алмастыруы мүмкін, бірақ оған көптеген онжылдықтар керек. Танымал ғалым роботтандыруға арналған пікірталаста. «Зияткерлік - роботтардың қолынан келмейтін қабілет. Мәселен, робот мені - профессорды алмастыра ала ма? Профессор-робот студенттің қарапайым жоспарын түзей алмайды. Студентке тікелей қарым-қатынас жасай алатын жетекші керек, адам керек. Роботтар ән жаза алмайд, жетекші болып, тиімді шешім қабылдайд.

2-тапсырма. Ауызекі сөйлеу, көркем сөйлеу мәтіні екенін тілін талдау арқылы дәлелдеңіз.

Ауызекі сөйлеу

Көркем сөйлеу

Қандай тілдік құралдар қолданылған? Сөйлеуші қандай мақсатта қолданған?

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма. Анықтама құрап жазыңыз

Ауызекі сөйлеу дегеніміз –

Көркем сөйлеу дегеніміз –

Дескриптор:

  • Ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді ажырата алады;
  • тілдік құралдарды талдау арқылы дәлелдейді;
  • анықтама құрайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу