Ғылымға бет бұру. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 17 сабақ
PISA бағдарламасының оқу сауаттылығы компоненттері 3 түрге бөлінеді.
1.Жағдай
2. Мәтін
3.Аспект
Жағдайдың 4 сипаты бар:
1.жеке категория (тұлғаның зияткерлік қызығушылығын қанағаттандыруға арналған мәтіндер, яғни жеке адам туралы зерттеулер, жеке хаттар, биография).
2. қоғамдық категория (қоғамның жалпы мәселелері мен қызметке қатысты мәтіндер, ресми құжаттар, іс- шаралар туралы ақпараттар, қоғамдық хабарлар).
3. білімділік оқыту категориясы ( ережеге сай, арнайы оқытуға арналған оқулықтағы мәтіндер, ақпаратты жинақтау, білу үшін оқу).
4. кәсіби категория (жұмысқа, мамандыққа қатысты мәтіндер, белгілі бір мекемеге байланысты ережелер айтылады).
Мәтіннің (формасы) нысаны 4 - ке бөлінеді.
- Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала,есеп, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
- Жадағай мәтін (графика, кесте, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)
- Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб – парақтар).
- Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).
Мәтіннің (типі) түрі 6 бөліктен тұрады.
- Сипаттау («не?» деген сұраққа жауап береді, ақпаратты көрсетеді, техникалық нұсқау)
- Баяндау ( мазмұндау) (қандай? қашан? деген сұраққа жауап береді, роман, әңгіме, пьеса, өмірбаян, комикс, оқиға жайындағы газет есебі)
- Түсіндіру( мазмұндама) (жад үлгісін көрсететін диаграмма, онлайн- энциклопедия жазбасы)
- Дәлелдеу (аргументациялау) (редакторға хат, даулы тақырыпты шешу)
- Нұсқау (инстуркция) (қолданудың бағытын көрсетеді, мысалы, рецепт, басқа да нұсқаулар).
- Келісім (бір мақсатқа жетуге бағытталған мәтіндер, хаттар, электрондық хаттар, хабарламалар).
Үшінші компонент – аспект. Аспектінің өзі бес тармақтан тұрады.
- Ақпаратты іздеу (мәтіннен тірек сөздерді табу, кодты таңбалау)
- Кеңінен түсіну (мәтінге жоспар құру, тақырыпшаларға бөлу, ат қою, аннотация, тезис).
- Интерпретациялауды дамыту. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ерекше әдіс-тәсілдер арқылы логикалық ойлау дәрежесін дамыту, ықтимал жауап беруге құлшындыру.
- Мәтін мазмұнын көрсету және бағалау. Мұнда мәтін типтерінің қайсысына жататынын анықтау. Оқиғалы мәтін болса, композициялық құрылымына талдау жасалады.
- Мәтін формасын (нысанын) көрсету керек. Шығарманың жанрына тоқталу,автордың ойы мен идеясын, тақырыбын ашу, әдебиет теориясына талдау жұмысы жүргізіледі.
http://zkoipk.kz/2015confpisa1/1699-2.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?