Сандық технологияны меңгерту курстары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 19 сабақ


Оқылым тапсырмасы.

Оқушылар мәтінді жеке оқиды

Компьютерлік сауаттылық курстары

 Заман талабына сай халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту белсенді жүргізіліп жатыр. Петропавлда зағип, жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері мен зейнеткерлерге арналған арнайы оқыту курсы өтуде.  Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын ашу мақсатында облысымыздың 6 бірдей мектебінде арнайы оқыту курстары өтуде. Солардың бірі №13 орта мектепте орын тепкен. Бүгін мұнда мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасы өкілдері білім алуда. Араларында заман ағымынан қалысқысы келмейтін зейнеткерлер де бар. Олардың мақсаты көштен қалмау, заманға сай болу. Бағдарламаға сәйкес компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары 6 сағатқа жоспарланған.

  Арнайы курста тыңдаушылар ең алдымен компьютермен танысады. Яғни оны қосу, сөндіру. Содан кейін ғана компьютердегі бағдарламаларды терең меңгереді. 2-ші топтағы мүгедек Сәлімхан Сәбитов те арнайы оқыту курсынан өтуге келіпті. Тыңдаушы компьютерді бұған дейін мектеп қабырғасында және ЖОО меңгергенімен әлі де болса өз білімін әрі қарай жетілдіре түссем деген ниетте.

 Компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсы тегін өткізілуде. Тыңдаушыларға осы мектептің информатика пәні мұғалімі Леонид Яковченко дәріс оқуда.

 Леонид Яковченко, компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсының мұғалімі:

- Тыңдаушылар оқыту курсында екі деңгейде дәріс алады. Олар жас ерекшеліктеріне қарамастан компьютерді меңгеруге келуде. Өйткені кез-келген адам ғаламтормен жұмыс істегісі келеді. Бұл заман талабы.

 Сонымен қатар елімізде осыған ұқсас тағы бір жоба жүзеге асты. 2010 жылдан бастап «Айрекс» командасы Атырау мен Жылыой ауданында компьютерлік сауаттылық бойынша тренингтер өткізді. Жобаға 3500 мұғалім және 1500 оқушы қатысты. Ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүретін адамдар үшін бұл ауадай қажет дағды. Жобаның мақсаттарының бірі – мектептегі компьютер сыныптарының жағдайын жақсарту. Техникалық үйлестіруші компьютерлерді оңдауға, модем қондырып, локальды желі тартып, интернет қондыруға көмектесуге дайын. Бұл жобадан соң оқушылардың арасынан бағдарламашы болғысы келетіндер де табылды.

 2013 жылдан бастап педагогтар мен оқушыларға медицина қызметкерлері, жұмыссыздар, Жылыой ауданы балабақшаларының қызметкерлері, сондай-ақ, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйінің шәкірттері мен қызметкерлері қосылды. Сабақтар тегін өтеді. Медицина қызметкерлеріне компьютерлік сауаттылық ауруханаға жатқызу порталына кіруге, науқастарды деректер қорына енгізуге, ауруханаға жатқызуға кезекке қою және т.б. үшін керек. Алайда, компьютер білмейтін жасы үлкен қызметкерлердің көпшілігі деректерді алдымен қолмен жазып, содан кейін компьютерге салу үшін «дамып кеткен» әріптестеріне жүгінеді.

Жібек БИСЕНОВА. – Тренер бізге өте жеңіл түсіндірді, сондықтан да оны барлығы да жақсы қабылдады. Нәтижесінде күнделікті жұмысымызды жеңілдететін бағдарламаларды меңгердік. Мәселен, бұрын біз кестелерді «Word» бағдарламасында жасайтынбыз, ал қазір «Excel» қолданамыз. Онлайн-құжаттар жасап, қашықтан түзетуге мүмкіндік беретін басқа поштаға көштік. Тіпті, корпоративтік поштаны да жасадық.

Қымбат ҚҰЛЖАНОВА– музыка оқытушысы, бұрын компьютермен жұмыс жасап көрмеген. Ол жолдасымен бірге Атырауға Оралдан көшіп келгенде өзінің бұрынғы қызметімен байланысты емес жаңа жұмыс табамын деп шешеді. Курста алған білімі оған әртүрлі әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, соның көмегімен жұмыс іздеуге көмектесті, сонымен қатар ол осы желілерден өзінің бұрынғы ескі достарын тауып, басқа қалада оқитын балаларымен сөйлесіп тұрады.

Жақсы жаңалық – «Теңізшевройл» әрі қарай да «Айрекс» қорын қолдауға шешім қабылдапты. Адамдардың өз оқуларын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Осы шаралардың арқасында сандық алшақтықтан арылуға болады.

Оқылым тапсырмасы.

Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды тауып белгілеңіз.

  • Сандық сауаттылықты арттыру бойынша курстар ұйымдастырылып тұрады;
  • Оқыту курстары мектеп қабырғасында өтті;
  • Сандық алшақтықты жою мақсатында әлемде осындай курстар жүргізіліп тұрады
  • Оқыту курстарына зейнеткерлер де барды;
  • Оқыту курстары онша қымбат емес
  • Айрекс командасының өткізуімен өткен тренинг оқушылардың мамандық таңдауына ықпал етті;
  • Курсқа қатысушылар курс туралы жағымды пікірлер білдіруде;
  • Курстан табысты өткендерді жұмыспен қамту қарастырылған;
  • Компьютерлік сауаттылықты арттыру курстары Жылой және Атырауда өтті
  • Осындай курстар еліміздегі сандық алшақтықты 30% азайтты

Тапсырма. Оқылым мәтінінде көтерілген мәселеге қатысты пікір білдіріңіз.

        • Бұл сандық алшақтықты жоюда пайдалы, себебі...
        • Сандық теңсіздікті жоюда пайдасыз, себебі...

Дескриптор

  • Мәтін мазмұнына сай келетін тұжырымдарды тауып белгілейді;
  • Мәтіндегі ойға қатысты қолдау/қарсы болудың екі себебін атайды;
  • Ойын дәлелді жеткізеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу