Үй телефоны мен ұялы телефон. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 23 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С.

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Үй телефоны мен ұялы телефон

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1.ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Тілдік құралдарды талдайды.

Стильдік ерекшелігін анықтайды.

 Бағалау критерийлері

 

  • Жаһандану белгілерін мен үй телефонының ығысқандығының белгілерін мәтіннен табады.
  • Эмоционалды-экспересивті сөздерді табады
  • Автордың қандай мақсатта қолданғанын түсіндіреді.
  • Стильдік ерекшелігін анықтап, дәлел келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Елең ету, шыр-шыр, безек қағу, дір ету, сүп-сүйкімді

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың оқылым дағдылары алдыңғы бөлімдерде дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Телефон нөмірі.

Тақтаға үй телефоны мен ұялы телефон суреті ілінеді. Мұғалім оқушыларға жиі қоңырау шалатын үй телефоны мен ұялы телефон нөмірлерін стикерге жазуын өтінеді. Оқушылар мүмкіндігінше жазады да тақтадағы суреттің жанына іледі.

Кейін мұғалім қай телефон нөмірінің көбірек ілінгеніне назар аударады да, оқушыларға шағын топта не себепті екенін талқылауды өтінеді. Бірнеше себептерін анықтап айтады.

Кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.Оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Оқылым алдындағы тапсырма.

Мұғалім сынып қабырғасына 4 сұрақты іледі, оқушыларды шағын 4 топқа біріктіреді.Төрт, бес оқушыдан біріккен топтар сұрақтарға тоқталып, бірлесе талқылайды. Мұғалім «Стоп кадр» сөзін айтқанда қай сұрақтың жанына тоқталса, оқушылар сол сұраққа жауап береді.

1-сұрақ.

Сізде үй телефоны/ұялы телефон бар ма?

Үй телефоны/ұялы телефон аптасына неше рет шырылдайды?

Жиі/сирек шырылдауының себебі?

2-сұрақ.

Үй телефоны/ұялы телефон шырылын естігенде қандай сезімде боласыз?

(қалыпты күйде, таңырқаймын, қобалжимын, еш эмоциясыз)

Осындай сезімнің туындау себебі?

3-сұрақ.

Үй телефоны/ұялы телефон сізге қажет пе?

Себебін түсіндіріңіз

4-сұрақ.

Сымды байланысты сызсыз байланыс ығыстыруы мүмкін бе?

Себебін түсіндіріңіз.

Оқылым тапсырмасы.

Ж. Мәтінді жеке түсініп оқиды.

Автордың айтпақ ойын болжайды.

Жаһандану белгілерін, үй телефонының ығысқандығының белгілерін мәтіннен табады.

Эмоционалды-экспересивті сөздерді тауып, автордың қандай мақсатта қолданғанын талдайды.

Тілдік құралдарды талқылау арқылы мәтіннің стилін анықтайды.

Дескриптор:

  • Жаһандану белгілерін мен үй телефонының ығысқандығының белгілерін мәтіннен табады.
  • Эмоционалды-экспересивті сөздерді табады
  • Автордың қандай мақсатта қолданғанын түсіндіреді.
  • Стилін анықтап, дәлел келтіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Ауызекі сөйлеу стиліне сай, үй телефонының монологын құрайды.

Монологтарын диктофонға жазады.

Оқушыларға экспрессивті-эмоционалды сөздерді ұсынады.

Елең ету, шыр-шыр, безек қағу, дір ету, сүп-сүйкімді т.с.с

Дескриптор:

  • Оқылымның мәтінін негізге алады;
  • Жазушының әңгімесін үй телефоны тұрғысынан баяндайды;
  • Ұсынылған эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынды қолданады;
  • Орфоэпиялық нормаға сай сауатты сөйлейді.

Қанат Әбілқайыр

«Телефон»

(әзіл әңгіме)

Сабақтың соңы

5 минут

Мұғалім бағалау критерийлеріне қайта оралады. Оқушылармен бірге талқылайды. Сабақ мақсатына қол жеткізді ме жоқ па сол туралы бірге талқылайды.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу