Жаңа заманның байланыс құралдары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 24 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С.

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Жаңа заманның байланыс құралдары

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.

Жинақы мәтін жазады.

 Бағалау критерийлері

 

Тезис жазады.

Мәтіннен негізгі ақпараттарды іріктейді.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жинақы мәтін, тезис.

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың жазылым дағдылары алдыңғы бөлімдерде дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мұғалім сабақты бастамас бұрын экраннан интернет туралы әзіл әнді қосады. Оқушылар әнді тыңдайды. Кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Бұл ән шынайы өмір шындығына сай ма? Әлде, алшақ па?

Бұл әнге тағы қандай әлеуеттік желі түрлерін қосар едіңдер?

Оқушылар ойланып, жұпта талқылайды. Жауап береді. Себебін түсіндіруге тырысады.

Кейін сабақтың тақырыбымен таныстырады, сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты, бағалау критерийлерін оқушымен бірге талқылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=y4j2m1nhQbQ

интернет туралы әзіл ән

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

5 минут

Жазылымға дайындық.

Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды. Жауап берушіні оқушылардың есімдері жазылған таяқшаны суыру арқылы анықтайды.

  • WhatsApp мессенджерін қолданасыз ба?
  • Қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

Оқушылар сұраққа жеке көзқарасын білдіреді. Кейін оқушыларға оқылым мәтіні ұсынылады. Оқушылар мәтінді жұпта оқиды.

Жазылым тапсырмасы.

Мұғалім оларға WHATSAPP компаниясының өкілі ретінде оқылым мәтініндегі ақпараттарды қысқартып, тезис құрауды тапсырады. Оқушылар 1 минуттық презентацияға сай келетін тезис құрайды.

Жұптар 4 адамнан құралатын топтарға бірігіп, тезистерін таныстырады. Жұптар дескрипторға сай бірін-бірі бағалап, үздік тезис құраған жұпты анықтайды.

Тезис жазу бойынша нұсқаулық

  • Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау;
  • қосымша ақпараттарды сызып тастау.
  • Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
  • Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
  • Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
  • Сөздерді синонимдермен алмастыру;

Дескриптор:

  • Мәтіннің негізгі мазмұны сақталған.
  • Ең негізгі ақпараттар қамтылған.
  • Қысқа, көпшілікке түсінікті.

https://www.whatsapp.com/features/

Сабақтың соңы

5 минут

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

Сабақта өзіңді қалай сезіндің?

Сен үшін не оңай болды?

Сен үшін не қиын болды?

Оқушылар ойланып жауап береді, кейін бағалау критерийлеріне қайта оралып, оқушылармен бірге талқылайды.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу