Марстағы өмір. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 26 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Ғылым мен технология жетістіктері

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Марстағы өмір

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.1. ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сурет) түрінде құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Деректерді жинақтайды

Графиктік мәтін құрайды

 Бағалау критерийлері

 

Графиктік мәтін құрайды.

Мәтіндегі ақпаратты пайдаланады

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жазылымға қажетті сөз тіркестері:

күн радиациясы, Марс,магниттік өріс

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу, ашықтық, құрмет

 Пәнаралық байланыс

Физика

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдердегі тапсырмалар арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

ЕГЕР МАРСТА ӨМІР СҮРСЕМ...

Оқушылар өздерін Марста өмір сүрсем деп елестетеді де жұпта төмендегі сұрақтарды талқылайды.

  • Кіммен бірге тұрар едім?
  • Марста қандай қиындықтар болуы мүмкін?
  • Марста қандай қызықтар болуы мүмкін?

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады. Бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

Жазылымға дайындық.

Мұғалім оқушыларға Марстағы өмір туралы мәтінді ұсынады. Оқушылар жұпта мәтінді оқиды.

Мазмұнын талқылайды.

Мәтін.

Ғарыштағы өмір.

Экипаж көлігі астронавтарды ғарышқа алып шығады, бірақ ол NASA-ның ең аз дегенде алты кісінің еркін өмір сүруіне тым тар. Сонымен қатар, Марсқа қонған адам бірден қатал ортаға тап болады. Адамды күн радиациясынан жартылай ғана қорғауы мүмкін, сондықтан ғарыш сәулесіне қарсы қалқан керек.

  • Орын көп, тамақ сапалы болса, экипаж да жайлы әрі көңілді.
  • Жердің магниттік өрісінен алыстаған кез-келген жанға радиация қауіп төндіреді. Суға толы «қабырғалар» бұл қатерден сақтайды.
  • Салмақсыздықта ұзақ болу адам ағзасы мен ақыл-ойына үлкен салмақ түсіреді. Күнделікті жаттығулар аса маңызды.
  • Марсқа зат жеткізу өте ауыр әрі қымбат болмақ. Қызыл ғаламшар топырағын пайдалану арқылы тұрақты тұрғынжай салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Жазылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға төмендегі жағдаяттық тапсырманы ұсынады. Оқушылар мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, графиктік мәтін құрайды.

Балалардың көбі Марсқа саяхаттап баруды армандайды, ал ондағы қиындықтар туралы білмейді. Жоғарыдағы мәтіндегі ақпараттарды негізе алып, «Марста қандай қиындықтар туындауы мүмкін?» тақырыбында графиктік мәтін (кесте немесе сурет) құрап жазыңыз.

Дескриптор.

  • Графиктік мәтін құрайды.
  • Мәтіндегі ақпаратты пайдаланады.

«National Geographic» журналы

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Оқушылар ұсынылған кемені бояу арқылы, кері байланыс береді.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу