Әлемдегі ірі кітапханалар. Үстеу, үстеудің мағыналық түрлері. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ


Осы сабаққа қажетті дереккөздер:

https://ust.kz

Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша  өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас  біркелкі, бір уақытта дамиды.Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде  де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша  да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді.Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болады,сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетіндігін дәлелдейді.Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат–нәтижелі пайдалану.Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасау,жеке оқушымен жұмыс істеу. Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта оқушылардың  білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары     арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен, жеке,жұппен істеу арқылы жетістіктерге жетеміз.Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп,тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.Қазіргі кезде жаңа бағдарлама бойынша грамматиканы бұрынғы деңгейде, тереңдетіп оқыта алмайтынымызға көптеген мұғалімдердің алаңдаулы екендіктері жасырын емес.Сол себепті бүгінгі баяндамамда қазақ тілі сабақтарында мәтін талдаумен қатар, грамматиканы коммуникативтік контекстіде оқытуға тоқталғым келеді.Бұл әдістің ерекшелігі неде?Грамматиканы белгілі бір контекст, коммуникативтік жағдаят негізінде оқытылады.•Грамматикалық ережені білуден гөрі орынды және дұрыс қолдануына мән беріледі.•Мәтіндердің стилі мен жанрына байланысты, коммуникативтік жағдаятқа байланысты оқушы грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай алуы тиіс.•Ауызша және жазбаша мәтін құрауда грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды түрлендіріп қолдана білуі қажет.Грамматикалық бірлікті түсіндіру не қайталату барысында арнайы коммуникативтік жағдаят ұсынған дұрыс. Ол мәтін не сергіту тапсырмасы түрінде болуы мүмкін. Әдетте грамматикалық бірліктердің жұмсалуын, білдіріп тұрған мағынасын сұрақтар арқылы оқушылардың өздерін (guided discovery) анықтатуға болады.Презентация-практика-продукт тәсіліГрамматикалық бірлікті түсіндіру не қайталату барысында арнайы коммуникативтік жағдаят ұсынған дұрыс. Ол мәтін не сергіту тапсырмасы түрінде болуы мүмкін. Әдетте грамматикалық бірліктердің жұмсалуын, білдіріп тұрған мағынасын сұрақтар арқылы оқушылардың өздерін (guided discovery) анықтатуға болады. Яғни грамматиканы коммуникативтік мәнмәтінде оқыту үш қағидатқа сүйенеді:Мағына-Форма-Жұмсалуы.

Оқушы мәтін, мәнмәтін арқылы мағынасымен танысады, кейін ережелер арқылы формасы, құрылымымен танысады және тапсырмалар арқылы оны орынды жұмсай білуге үйренеді.

Ал грамматикалық ұғымды бекітуге және қайталатуға арналған практикалық тапсырмалар түрлері әдетте қысқа әрі тез орындауға мүмкіндік беретіндей болып келеді. Олар: сөйлемдегі бос орынға қажетті сөзді қою, жалғауларды дұрыс жалғау, орны ауысқан сөздерден сөйлем құрау, жабық тест, т.б.

Грамматкалық қателерді бағалау барысында тек сабақ үйретілген ұғымдарға ғана баса назар аудару керек, Себебі бір сабақта барлық қатені жөндеу, үйрету мүмкін емес. Бұған біртіндеп келген дұрыс. Яғни бір сабақта бір ғана ереже және оған арналған бірнеше практикалық тапсырмалар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу