Үстеу. Кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 9-бөлім: (№1)

Әлемдегі ірі кітапханалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үстеу. Кітапхана.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН4. Грамматикалық норма

 Сабақтың мақсаттары

Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

 Бағалау критерийлері

  • Үстеу түрлерін ажыратады;
  • Синонимдік қатарларын қолданып жазады;
  • Дұрыс жауапты анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: кітапхана іші, сырты, сөре астында т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Айтар болсам, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б.

Құндылықтар

Кітап оқуға деген қызығушылық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілінің грамматикасы. Сөзжасам.

Осыған дейін меңгерілген білім

Семей, Торғай, Жетісу кітапханалары

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 минут

1) Айуан екі аяқты, асқан батыр,

Басына о батырдың тіккен шатыр.

Шешерсің дана болсаң бұны біліп,

Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,

Бір айла адамзатта болып жатыр. (Бүркіт)

2) Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,

Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.

Бастары бірікпесе кетер әлі,

Ырқына бір-бірінің ұнамаса.

Тастайды тау қопарып, көл қотарып,

Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)

3) Бір итім бар үрмейді,

Ары-бері жүрмейді.

Тамақ берсең жемейді,

Су ішуді білмейді.

Ол тұрғанда еш адам,

Үй ішіне кірмейді. (Құлып)

Жұмбақтардағы асты сызылған сөздерге назар аударыңыздар. Неге олардың асты сызылып тұр деп ойлайсыздар?

znanija.com/task/17150221#readmore

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Кіріспе тапсырма

Үстеу дегеніміз - сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап көрсету үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сөз табы. Үстеулер өзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейді. Сөйлемде ғана үстеулерді басқа сөз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.

Тест тапсырмалары

Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Әрдайым дайын

В. Аса биік үй

С. Алдыңгүні айтты

Д. Ала жаздай ән салды

Е. Кейін қалды

Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді белгіле

А. Келіп-кету

В. Бала-шаға

С. Он-он бес

Д. Жол-жөнекей

Е. Келсе-келер

Сәл рең беріп тұрған үстеуді тап

А. Баяулау

В. Бұлбұлдайын

С. Сеніңше

Д. Қазақша

Е. Соншалық

Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Соншама ұзақ әңгіме

В. Оқу аяқталды

С. Өнім алынды

Д. Екі рет марапатталды

Е. Әдемі жазды

Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп қолданылады?

А. Еліктеуіш сөзбен

В. Сан есіммен

С. Етістікпен, сын есіммен

Д. Одағаймен

Е. Есімдіктермен

Негізгі тапсырма:

  • Төмендегі берілген сөздерге сұрақ қойыңыз?

Қазір қашан?

Бүгін келеді

Кешке

Бүрсігүні

Шалқасынан

Етпетінен

Ақырын

Оқыстан

2. Мына үстеулермен тіркес құра. Сұрағын қой.

Лезде, жылдам, шапшаң, баяу.

Үлгі: лезде жеттік (_________?)

3. Мына сөйлемдердегі "әлі" деген сөз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? Үстеуді қалай табуға болады?

Әлі (_____?) жетер заман жоқ. (А)

Әлі (______?) ол да өнерлі адам болар

Әлі (______?) талай барармыз

Үстеу істің, қимылдың қандай белгілерін білдіреді?

4. Мына тірскестермен сөйлем құра

Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады.

5. Мына үстеулерді қатыстырып, «Кітапханадағы оқиға» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңыз. Сөз саны- 150-180.

Мысалы: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, төмен

Қорытынды тапсырма

Мына үстеулерді құрамына қарай кестеге жаз.

Кеше, кешке, лек-легімен, ала жаздай, алдыңгүні, қыстай, ертең, қазақша.

Негізгі түбір үстеулер

Туынды түбір үстеулер

Күрделі үстеулер

Әр жұпқа мұғалімнің кері байланысы беріліп, бағаланады. ҚБ

http://yznaika.com/

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия «Бес саусақ»

      

(баланүйрек) - Қандай білім, тәжрибе алдым?

(шылдыр шүмек) –Не істедім, қандай жетістіктерге қол жеткіздім?

(ортаншы) – Менің көңіл – күйім қандай болды?

(сұқ саусақ) –Мен не көмек көрсеттім,  немен қуаттым, қандай үлес қостым?

(бас бармақ) – Өзіме пайдалы не алдым?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу