Кітапхана туралы. Отырар кітапханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ
1-мәтін
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан әлемдегі ірі кітапханалардың бірегейі болған. Тарихи деректер бойынша, бұл кітапхананың негізін салушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби делінеді.
XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин болған екен. Кейбір деректерде: «Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған», - делінеді. Шыңғысхан Отырарды қиратқаннан кейін, кітапханаға не болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Ондағы кітаптар жайлы да жазба деректерде айтылмаған.
Қазіргі кезде Отырар кітапханасының кітаптарының «тағдыры» жайлы сан алуан әңгіме бар. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректер бойынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін екен. Ал, кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Дегенмен мұндай болжамдар нақты дәлелдерге негізделмегендіктен ғылымда әлі күнге дейін мойындалмай келеді.
Профессор Еренғайып ОМАРОВ Отырар кітапханасы туралы сұхбатында: «Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған!», - дейді. сөзсіз.
Дайындаған: Б.Ерман, ERNUR.KZ2-мәтін
Көптеген атақты жазушылар, кітапханатанушылар сөз – дұрыс пайдаланушының қолында болса, мықты қару болып есептеледі, ешқандай кітап, плакат адамның сөзін алмастыра алмайды деп есептейді. Гете кітап көп нәрсеге үйретеді, бірақ ұстаз бен уағыздаушының күшіне жетпейді деген.
Орыс жазушысы А.Гончаров болса, қандай да бір керемет кітаптар өзінің дұрыс насихаттаушысын таппаса, ол сол беті өлі дүние болып қалады дейді. Сөйлей білу кітапханашы маманға аса қажет, себебі ол оқырмандармен, әріптестермен, қоғамдық мекемелермен үнемі қарым-қатынаста болады.
Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі.Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі және ақпарат пен білім әлемі ретінде онда жұмыс істеген адамнан еріксіз жоғары стильді талап етеді. Кітапхана бар білімнің қазынасын жинақтап, ақпаратты қызмет жүргізетін білім ордасы. Сондықтан кітапханаға келген әр адам, кітапханашыдан ерекше біліктілік пен мәдениеттілікті талап етеді. Кітапхана мәдени-ағарту мекемесі болғандықтан, біздің бойымыздан ешкімге ұқсамайтын мәдениеттілік желі есіп түру керек.Әр адамның бір-бірімен қарым-қатынасы сөз, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тылсым тыныштықта, білім қазынасының ортасында отырған кітапханашыдан біліктілік пен ізгіліктің, инабаттылық пен әдептіліктің нұры шомылып тұруы керек. Сөйлей білу де өнер, ол табиғи дарын. Ал біздің қызметте бойыңа дарындылықты бермесе, үйреніп, оқып, ізденіп, тіпті түрлі тіл жаттығулары арқылы сөйлеу мәдениетін игергеніміз жөн.
Әр оқырман кітапханашының алдына келгенде, оның бойынан парасаттылық пен біліктілікті көргісі келеді. 80% оқырман кітапханашыға кітап таңдауда ақылшы, көмекші ретінде үміт артып келеді. Осы ізгі ниетін жоғалтпас үшін кітапханашы оқырманға ерекше ықыласпен назар аударып, сөйлесу барысында адамның көзіне қарап, жылы жүзбен, ілтипатпен сөйлескені дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?