Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ


1) Грамматикалық, пунктуациялық қателері бар мәтіндер

1-мәтін

Конгресс — әлемдегі ең танымал кітапхана

 Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24-сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстырыу туралы заң қабылдаған да қаланды. Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді. Заң бойынша кітапхананың оқырмандар тізімінде тек АҚШ президенті мен вице-президенті, сенат мүшелері және палата өкілдері ғана болды. Кітапхананың конгресс аталуы да сондықтан.

 Кітапхананың тұңғыш қорына 740 - кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 - Американың географиялық картасы енді. 1804 жылы 4 наурызда президент болып сайланғаң Т. Джефферсон кітапхана қорының рөлі мен маңыздылығы мәселелерімен айналысты. Оның кезінде кітапхана қоры біршама ұлғайды. 8 жылдан кейін президенттік антын қабылдаған джеймс мэдисонның үлесіне 1812-1814 жылдары болған ағылшын соғысының ауыр жүгү түсті. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік және ғылыми мекемелерге арналған. Кітапхананың кітап қорында құқықтану тарих саясат жаратылыстану техникалық ғылымдар мен анықтамалық әдебиеттер жайлы материалдар толық келтірілген. Кітапхана қорында бүгінде 30 миллионнан астам кітап пен 470 тен астам тілде жазылған баспа материалы, 58 миллион қолжазба, 4,8 миллион карта, 12 - миллион фото сурет сақталған. 1987 жылдан бері кітапхана директры Джеймс Биллингтон атқарып келеді. Қазіргы кезде кітапхана қолжетімді, бірақ белгілі бір шектеулер бар.

2-мәтін

Елбасы кітапханасы

 Мекеме елбасының 2014 жылдың 13 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» жарлығымен құрылған.

 Кітапхана мұрағат қызметімен тікелей айналыссада қызметтік сипаты әдеттегі көпшіліктік кітапханалардан өзгеше. Өйткені бұл нысан – Елбасының жеке кітапханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Билік басында отырған кезінде Франклин Рузвельт өзінің президенттік орталығын жасақтаған. Соның негізінде кейін оның есімімен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді.

 Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақтанышына айналған сәулеттік туындылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. ғимарат 2013-жылы британиялық танымал сәулетші норман фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға яғни ұшар биікке ұмтылған көз жанары тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайталанбас сыртқы келбетімен қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. Мұнда Мемлекет басшысының қатысуымен аса ауқымды әрі зор маңызға ие халықаралық, республикалық жиындар өткізіліп тұрады.

Ғимараттың 1-қабатында қазақстан республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағаты орналасқан. Ол Елбасының өмірбаяндық, шығармашылық материалдарынан, мемлекеттік және қоғамдық қызмет барысында жиналған құжаттардан тұрады. Жеке мұрағат қорында 127-мыңнан астам бірлік құжат жинақталған. Елбасы кітапханасының тағы бір ерекшелігі, онда мемлекет басшысына сыйға тартылған экспонаттар да сақталады. Бүгін қорда 400ге жуық экспонат бар екен.

Мәдени мұра бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар – «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, моңғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» ойып орын алған. Мұнда Әлем әдебиеті галереясы да бар.

1-мәтін

Конгресс — әлемдегі ең танымал кітапхана

Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заң қабылдағанда қаланды. Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді. Заң бойынша кітапхананың оқырмандар тізімінде тек АҚШ президенті мен вице-президенті, Сенат мүшелері және палата өкілдері ғана болды. Кітапхананың Конгресс аталуы да сондықтан.

Кітапхананың тұңғыш қорына 740 кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 Американың географиялық картасы енді. 1804 жылы 4 наурызда президент болып сайланған Т. Джефферсон кітапхана қорының рөлі мен маңыздылығы мәселелерімен айналысты. Оның кезінде кітапхана қоры біршама ұлғайды. 8 жылдан кейін президенттік антын қабылдаған Джеймс Мэдисонның үлесіне 1812-1814 жылдары болған ағылшын соғысының ауыр жүгі түсті. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік және ғылыми мекемелерге арналған. Кітапхананың кітап қорында құқықтану, тарих, саясат, жаратылыстану, техникалық ғылымдар мен анықтамалық әдебиеттер жайлы материалдар толық келтірілген. Кітапхана қорында бүгінде 30 миллионнан астам кітап пен 470-тен астам тілде жазылған баспа материалы, 58 миллион қолжазба, 4,8 миллион карта, 12 миллион фотосурет сақталған. 1987 жылдан бері кітапхана директоры Джеймс Биллингтон атқарып келеді. Қазіргі кезде кітапхана қолжетімді, бірақ белгілі бір шектеулері бар.

2-мәтін

Елбасы кітапханасы

Мекеме Елбасының 2014 жылдың 13 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен құрылған.

Кітапхана, мұрағат қызметімен тікелей айналысса да, қызметтік сипаты әдеттегі көпшіліктік кітапханалардан өзгеше. Өйткені, бұл нысан – Елбасының жеке кітапханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Билік басында отырған кезінде Франклин Рузвельт өзінің президенттік орталығын жасақтаған. Соның негізінде кейін оның есімімен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді.

Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақтанышына айналған сәулеттік туындылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. Ғимарат 2013 жылы британиялық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға, яғни ұшар биікке ұмтылған көз жанары тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайталанбас сыртқы келбетімен Қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. Мұнда Мемлекет басшысының қатысуымен аса ауқымды әрі зор маңызға ие халықаралық, республикалық жиындар өткізіліп тұрады.

Ғимараттың 1-қабатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағаты орналасқан. Ол Елбасының өмірбаяндық, шығармашылық материалдарынан, мемлекеттік және қоғамдық қызмет барысында жиналған құжаттардан тұрады. Жеке мұрағат қорында 127 мыңнан астам бірлік құжат жинақталған. Елбасы кітапханасының тағы бір ерекшелігі, онда Мемлекет басшысына сыйға тартылған экспонаттар да сақталады. Бүгін қорда 400-ге жуық экспонат бар екен.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар – «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, моңғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» ойып орын алған. Мұнда «Әлем әдебиеті» галереясы да бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу