Әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі қайта ашылды. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ
Осы сабаққа қажетті дереккөздер:
https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/19625
Құттықтау хат
Алға қойған жоспарымызды орындағанда қатты қуанатынымыз белгілі. Ал жеткен жетістігімізді айтып, марапатқа шомғанда одан да бақыттырақ бола түсеміз. Біздің мерейімізді өзгелер асырып жатса екен дейтініміз жасырын емес. Құттықтау хат – жеке қасиеттерді де, кәсіби біліктілікті де көтеретін құрал. Дәл сол сияқты өзге де адамдардың, жұмыстастардың жетістігіне қол алысып, құттықтай салғаннан гөрі бар ізгі тілегіңізді көрсететін құттықтау хат жазуға берілген мүмкіндік. Ініңіздің оқудағы жетістігіне немесе әпкеңіздің тұрмыс құруына, тіпті болмаса әріптесіңіздің қызметтен жоғарылағанына бар ниетіңізді, тілегіңізді жазып, хат жолдаңыз.
Сұхбат алу қағидалары
1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!
2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма!
3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе! Газет беттерін ақтарып отырып, журналистердің сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу тенденциясын байқауға болады. Сұхбаттасыңа ақылды болып көрінудің қажеті шамалы. Сен онымен білім жарыстырайын деп емес, ақпарат алуға келдің. Тәжікелесуге уақыт зая еткенше, тағы бір сұрақ қойғаның тиімді. Ал екінші жағынан, тайталасу арқылы сен өзіңнің субъективті ойыңнан хабар бересің. Субъективті мақала жазатын журналист қоғамға шынайы ақпарат тарата алмайды. Сұрақ қоюдан қорқып, жалтақтаудың да қажеті жоқ, сонымен қатар, салғыласудың да қажеті шамалы. Сауатты, ақпарат ала-алатын сұхбат жаса. Сұхбатыңда өзіңді ірілетіп, сұхбаттасыңды кішірейтіп беріп, арзан абырой жинауға ұмтылудың қажеті жоқ. Бізде сол тенденция бар. Газетке шыққан мақаланы оқып отырып, журналистің зіркілдеген кейпін, ал сұхбаттасының бейшара қалпын көз алдыңызға елестетесіз.
4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?
5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс!
6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?