Әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі қайта ашылды. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 9-бөлім: (№1)

Әлемдегі ірі кітапханалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі қайта ашылды

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т\А2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

 Сабақтың мақсаттары

Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.

 Бағалау критерийлері

  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Тыңдалым материалын түсінеді;
  • Жанр ерекшелігін сақтап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ең көне кітапханалар, жөндеу жұмыстарына жабылған болатын, мыңдаған көне кітап сақталған, медициналық рецептері т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Менің ойымша, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік, денсаулық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас.

Пәнаралық байланыс

Тарих, дінтану

Осыған дейін меңгерілген білім

Кітапхана. Үстеу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

Кітапханаға жиі барасыз ба?

Кітап оқуды ұнатасыз ба?

Кітап оқу мен кино көрудің қайсысын таңдар едіңіз? Неге?

Кітап оқу-демалудың бір жолы деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

Әлемдегі қандай кітапханаларды білесіз?

Осы сұрақтарға оқушылар «Еркін микрофон» әдісі арқылы жауап береді.

Сабақ тақырыбын болжайды. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

15 минут

5 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы

Сынып қабырғаларына кітап, кітапхана, абоненет, кітап сөресі, көрме т.б. суреттері ілінеді. Оқушылар суреттер галереясын аралап, таңдаған суреттің қасына тоқтайды. Осы жерде жұбымен «Кітапхана» тақырыбында әңгімелеседі.

ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы:

1-тапсырма

Бейнематериалды тыңдай отыра кестені толтырыңыз.

2-тапсырма

Екі тақырыптың бірін таңдап орындаңыз. Сөз көлемі-150-160.

А) Кітапханасы қайта жаңғырған діни қызметкерлерге құттықтау жазыңыз.

В) Ең көне кітапхананың қайта ашылуына орай жаңалық жазыңыз.

Әр оқушы өз тапсырмасын орындап болғаннан кейін бірдей тапсырмалар бір-бірімен ой бөліседі де, өз ойларын ортаға салады. Бірінің тапсырмаларын бірі толықтырады.

Мұғалімнің кері байланысы беріледі. Ең үздік, әсерлі шыққан құттықтау оқылады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Бейнематериал сізді несімен қызықтырды?

Жүргізуші орнында болсаңыз осы мәтінді қалайша жеткізер едіңіз?

Бағалау критерийі бойынша топтағы оқушылар өз тобының оқушыларын бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=0T42akJI3n0

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу