Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 1 сабақ


ЖАУАПТЫ КҮТУ УАҚЫТЫ

 Сұрақты дұрыс құрастыра білу - бұл істің жартысы,

 ал екінші жартысы ол - жауапты тыңдай білу.

Оскар Уайльд

 Мұғалімнің сұрағы мен оқушының жауаптары арасындағы уақыт аралығы немесе мұғалімнің бірінші және екінші сұрақтары арасындағы уақыт аралығы оқушының жауабының сапалы болуына үлкен әсерін тигізеді, сондай-ақ, келесі диалогтың басталуына ықпал етеді:

  • егер оқушылар қойылған сұраққа аз уақыт (1 секунд) ішінде жауап бере алмаса, мұғалім сұрақты қайталап немесе перифраз жасап қайта қою керек;
  • егер мұғалім жоғары деңгейлі сұрақ қойса, жауапты 1-2 минут күтуі қажет;
  • оқушының ойлануына мүмкіндік беріп, сұрақ пен жауаптың арасындағы уақытты сақтау керек.

 Жауап беруіне уақыт берсе, жауап беретін оқушылар саны көбейеді. Оқушылар жылдамдықты ұнатпайды, бірінші жауаптан кейін уақыт берсеңіз, жауаптың сапасы жақсара түседі. Мұғалімдер ойлану уақытын тиімді пайдалану керек.

 Сұрақтың танымдық күрделілігі мен сипатына байланысты жауапты күтуге 20 секундтан артық уақыт берілсе, бұл бірыңғай нашар жауаптарға әкелуі мүмкін. Кейбір мұғалімдер сұрақ қойылғаннан кейінгі үнсіздікті бұзып, өз сұрақтарына өздері жауап беріп қояды. Бұл оқытудың жағымсыз салдарына алып келеді, яғни оқушыларды сұраққа жауап беру мүмкіндіктерінен айырады. Мұғалім де оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін біле алмай қалады. Сонымен қатар, оқушылар мұғалімнің өзі жауап беретініне бейімделіп алады да, өздері жауап беруде енжарлық танытады. Мұғалім өз сұрағына өзі үнемі жауап беретін болса, оқушыны оқытудан алшақтайды.

 Жауапты күту оқытудағы маңызды концепцияның бірі болып саналады. Уақыт - бұл оқушының сұрақты түсініп және беретін жауабын ойлануына бөлінген мұғалім қалыптастырған үздіксіз тыныштық деп ойлаңыз. Кейбір оқушылардың басқаларға қарағанда сұрақты тез түсініп, тез жауап беруі қалған оқушылардың ойлануына кететін уақытқа әсер етеді.

Жауапты күту уақытын екі бағытта қарастырған маңызды:

  • Мұғалімнің сұрағынан кейінгі күту уақыты:

Мұғалім сұрақ қойғаннан кейін жауап берудің алдында оқушыға өз жауабын ойластыруға, тұжырымдауға уақыт беру қажет.

  • Оқушының жауабынан кейінгі күту уақыты:

Оқушы жауап бергеннен кейін оның сыныптастарына осы жауапты ойластыруға уақыт берген жөн. Бұл олардың жауапты дұрыс түсінгендігін білу үшін және соған қатысты өз ойларын ортаға салу үшін керек.

 Сондай-ақ, күту уақытының ұзақтығын өзгертіп отыру да маңызды. Күту уақытының ұзақтығы сұрақтың маңыздылығына және күрделілігіне байланысты болады, яғни қарапайым ойды тұжырымдауға кететін уақыттан бастап, талқылауды ұйымдастыруға берілетін уақытқа дейін өзгерту.

 Оқыту мен оқу үдерісі үшін сұрақтардың түрлері, мысалы астарлы сұрақтар жан-жақты жауаптарды талап етсе, басты сұрақ көптеген оқушылардың жауап беруін міндеттейді.

 Оқушыдан жауап алуда да қол көтермесе де, олардың «дене қимылы арқылы жауап беруге деген ниетін байқай отырып, кімнің айтары барын анықтау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сонымен бірге, сөзбен қолдау көрсету немесе басты изеу оқушылардың өз жауабын дамытуға көмектеседі. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын талқылап, оны негіздеу үшін дауысқа салуға немесе екі жақтың пікірін тыңдап, қорытындылауға болады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ СҰРАҚ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ

(мұғалімдерге арналған оқу әдістемелік көмекші құрал)

Мухамбедьярова Мирамкул Саниевна

Онбасиева Шұғыла Асқарқызы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу