Наурызға құттықтау. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Наурызға құттықтау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.3.1. – аузыекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар сабақ барысында құттықтау мәтінін құрастырып жаза білуі тиіс. Құттықтау мәтінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін толық меңгеруі тиіс.

Бағалау критерийлері

- Құрылымын сақтай алады;

- Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай лексикалық бірліктерді таңдай алады.

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Көтеріңкі көңіл, мол ырыс, күн мен түн теңеліп, ұлыс оң болсын, бақ әкелсін, қуаныш көп болсын.

Осыған дейін меңгерілген білім

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Оқылымалды кезеңі.

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

- Наурыз мерекесесіне орай сендер құттықтау қағаздарын алып көрдіңдер ме?

- Наурыз мерекесіне орай сендер өздерің құттықтау қағаздарын жазып көрдіңдер ме?

Оқылым кезеңі.

Оқушылар құттықтау мәтінімен танысады.

1-мәтін:

2-мәтін:

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт - береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс - берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

1-тапсырма:

1. Мәтіннің тақырыптары мен идеясын анықтаңыз.

2. Әр мәтіннің тірек сөздерін көшіріп алыңыз.

1-мәтіннің тірек сөздері:

2-мәтіннің тірек сөздері:

3. Анықталған тірек сөздер негізінде әр мәтінді өз сөзіңмен баяндап бер.

Оқылымнан кейінгі кезең.

2-тапсырма.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай қазақ халқы бір-біріне қандай тілектер білдіреді екен?

Ең негізгі тілек-ниеттерді менталды карта негізінде бейнелеп көріңдер.

3-тапсырма.

Құттықтау мәтінен сәйкес қолданылатын тілдік бірліктерді пайдаланып, өздерің құттықтау мәтінін жазып көріңдер.

Бағалау критерийлері

Дискриптор

- Құрылымын сақтай алады;

- Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай лексикалық бірліктерді таңдай алады.

- Құттықтау мәтінінің кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерін сақтап жазады.

- Құттықтау мәтінінен тән тілдік бірліктерді қолдана алады.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу