Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты тауып, сілтеме жасап үйренуі тиіс.

Бағалау критерийлері

Энциклопедия, сөздік, газет-журналдардан ақпараттарды алып, авторына сілтеме жасайды.

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Қол алысу, сәлемдесу, салтанат, сәлемдесу рәсімі, мұрынмен, үйкелесу, әдепсіздік болып таныл, жазаға тартыл, тіл шығару,

бастау алған, өз жалғасын табуда, құрметтің белгісі, мән береді.

1. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Балаларды шеңберге тұрғызып, сиқырлы қамшыны көрсетіп, балаларға мынадай сөздер айтылады: «Балалар мына сиқырлы қамшы арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық»

Бақыт, шаттық тілеймін,Ертемен барлық балаға.Мен бәріңе денсаулық тілеймін! т. б. деп балалар тілектерін жалғастырады.Мейірімді, қайырымды, қуаныш, татулық, достық, жақсылық, жақсы қарым - қатынас, жақсы көңіл - күй, жауапкершілік, сабырлы, ізгілікті, қамқоршы, сыйлы.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Оқылымалды кезеңі.

Еліміздің амандасу рәсімі қандай?

Қай елдің амандасу рәсімін білесіздер?

Оқылым кезеңі.

(Оқушыларды топқа бөліп ұсынуға болады)

Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

 

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.

Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған "хада" деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің "куник" деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.

ttps://www.nur.kz/213293-elemdegi-en-kyzykty-selemdesu-resimderi.html

-тапсырма.

Оқылым тапсырмасы.

Мәтінді оқыңыз. Ұсынылған тапсырмаларды орындаңыз.

Әр топ өз елінің дәстүрін көрсетуі керек.

2-тапсырма.

Оқушыларды үш үшке бөліп, «Үшбұрыш» стратегиясымен талқылау ұйымдастыру.

  • Сұрақ қояды
  • Жауап береді
  • Комментарий береді.
  • (Рөлдерін ауыстырады, барлық оқушы сұрақ қояды, сұраққа жауап береді, сұрақ қоюшы мен жауап берген оқушыларға комментарий береді.)

Оқылымнан кейінгі кезең.

4-тапсырма.

Мұғалімге нұсқаулық:

Әр топқа салт-дәстүрге байланысты мақалаларды мұғалім алдын ала дайындайды. Мәтіндерді топтарға таратады. Сол ақпаратты оқып, оқушылар мақала авторына сілтеме жасап үйренеді.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсінеді;
  • Әр елдің амандасу рәсімін көрсете алады;
  • Рөлдік ойынға қатысты;

Ақпаратты оқып, мақала авторына сілтеме жасай алады.

https://www.nur.kz/213293-elemdegi-en-kyzykty-selemdesu-resimderi.html

Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Рефлексия 3-2-1

Үйге тапсырма

Жүз әнге кірген екі әнді тыңдап, елу сөзден тұратын мәтін құрастырып келу.

Дескриптор:

Ән туралы өз ойын айта алады;

Мәтін жүз әннен алынған әндер туралы.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу