Наурыз тілектері. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ


Таратпа материалы

 Қазақ бұрынғы көне заманда 21 наурыз күні түнде үйінің төріне қос шырақ жағып қояды екен. Онысы үйдегі ерлі-зайыпты екі адамның өмірі сол қос шырақтай жарық болсын, бақыты баянды болсын, бағы өрлесін, дәулеті артсын, ғұмыр жастары ұзақ болсын, өмірінде қиындық көрмесін, көңілдері сол шамдай маздап жанып тұрсын деген ізгі тілектің бейне белгісін білдіреді. Қазақтың ежелгі ұғымында 21 наурыз күні жер иесі Қыдыр ата даланы аралайды екен. Таң бозарып келе жатқанда, мейірі түскен бір үйге келіп қонады. Қыдыр қонған үйге құт береке дариды, дәулеті шалқиды. Қыдыр баба аралаған ауылға «бақ оралады», «ырыздығы молаяды» деп сенеді. «Босаға құтты, ірге мықты болсын, таңмен таласып үйіңе Қыдыр қонсын» - деп жақсы тілек айтады. Қонағы көп үй «берекелі болады», қонақпен ілесіп үйге құт қонады, бірі Қыдыр, осы келген қонақтың бірі Қыдыр болуы мүмкін» - деп сенеді.

22 наурыз мерекесі құтты болсын!

 Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

 Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

 Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем,  саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін!  

 Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!

 Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!

 Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын!

 Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу