Қазақтың салт-дәстүрлері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
САБАҚ: 4-сабақ | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақтың салт-дәстүрлері | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.3.1.-ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 6.4.4.3.- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі үстеулердің синонимдерін анықтап көрсетуі тиіс. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәтіннің құрылымын анықтай алады; - үстеудің синонимдік қатарларын ұсына алады. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сабаққа қажетті тірек сөздер: үстеу, синоним, синонимдік қатар. | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология. | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту. Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады: - Қазақтың салт-дәстүрлерін атаңдар. - Өз отбасыңда қандай салт-дәстүрлерді ұстанасыңдар? Берілген сұрақтар негізінде талқылау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. | Ой шақыру сұрақтары | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Оқылым кезеңі. Мәтін: Ибраемова М. С. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беретін халық-қазақ халқы. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Сондай –ақ, қазақтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өнеге тәрбиесінде өте терең мән жатыр. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен, дүние есігін ашқаннан есейгенге дейін қазақтардың балаға беретін тәлім -тәрбиесі, ілім-білімі, өнеге -тағылымы, өткізетін салт-дәстүрі әдет-ғұрпы өте көп. Мысалға айт кетсек, шілдехана, шашу, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндет той, беташар, тілашар және т.б. Бұлардың тек рухани ғана емес, сонымен бірге, жас ұрпақ, адам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Әрбір салт-дәстүрге жеке тоқтала кетсек, әрқайсысының өзі бір өнеге, тәрбие сияқты. Әрбір қазақ баласы қазақ болғандығының белгісі ретінде, тым құрығанда салт-дәстүр түрлерін, қазаққа тән ойын түрлерін болсын білуі тиіс. Мысалы, асық, алтыбақан, ақ сүйек, қыз қуу, тағысын тағы, бұлардың өзі бір тоқталық, зерттеп, айта кетуді қажет етеді. Қазақ халқымен басқа елге мақтанғың келсе, «Менің қазақ елім!» деп еш қысылмай, ауыз толтыра айта алатын халге жеткеніміз арғы ата-бабалар арқасы! Қазақ елі басқа еш елде кездеспейтін, қайталанбайтын салтымен, дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, жерімен, тағысын тағы мақтаныштарымен мақтана алады. Мен өз елімді, жерімді, салт дәстүрімді мақтан тұтамын және барынша сақтауға үлес қосамын! 1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңдар. Төменде берілген тірек сызба негізінде мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтаңдар.
2-тапсырма. Мәтіннің ішінен үстеу сөздерді анықтап, дәптерге көшіріп жазыңдар. Оқылымсоңы кезеңі. 3-тапсырма. Мәтінде қолданылған үстеулердің синонимдік қатарларын анықтаңдар. | https://www.zharar.com/kz/shygarma/11245-salt_dastur.html | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия | ||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | |||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?