Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 4 сабақ


 Оқылым дағдысы – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдау және түсіну, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу; деңгейіне бағытталады.

 Оқылым дегеніміз – параққа түскен қатысымдық тұлғалардың мағынасы мен мазмұнын ой мен сана арқылы қабылдай отырып, мәтіннен нақты ақпаратты табу, түсіну, оны қабылдау және дауыстап не іштей оқу арқылы тілдік қатынасты іс жүзіне асыру. Оқу үрдісі арқылы адамдардың бір-бірімен әдеби, мәдени, саяси жағынан қарым-қатынас жасауды жетілдіру, өздеріне қажетті ақпаратты, хабарды алу мүмкіншілігі туады. 

 Ғалым Ф. Оразбаева оқылымның маңызын төмендегідей жіктейді:

 1) Оқырман оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.

 2) Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, ішкі ой-санасын дамытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.

 3) Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйренуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу